Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

ЗАҢДЫЛЫҚТЫ ҚАДАҒАЛАУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ

ЗАҢДЫЛЫҚТЫ ҚАДАҒАЛАУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ
ашық дереккөз
ЗАҢДЫЛЫҚТЫ ҚАДАҒАЛАУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің және оның аумақтық басқармаларының қызметіндегі басым бағыттардың бірі – есепке алу-тіркеу тәртібі саласындағы заңдылықты қадағалау, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қылмыстық құқықбұзушылықтар туралы хабарламаларды есепке алуы, тіркеуі және шешуі. Тіркелмеген, сондай-ақ негізсіз шешім қабылдау арқылы есептен жасырылған қылмыстық құқықбұзушылықтарды анықтауға ерекше назар аударылады. Егер сіз қылмыс құрбанына айналып, бұл жөнінде құқық қорғау органдарына хабарлап, олар қылмыстық істі тіркеу шараларын қабылдамай немесе сіздің өтінішіңіз қараусыз қалдырылса, сіз құқықтық көмек алу үшін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Аймақтық көліктік басқармасына хабарласуыңызға (Астана қаласы, Ж.Омаров көшесі, 60-үй мекенжайына және 8(7172) 32-05-40) болады. Өтініштердің тиісінше қаралмауының мәселелері бойынша жедел әрекеттерді ұйымдастыру мақсатында комитет «SMS-хабарлама» функционалын әзірледі және оны басқарма белсенді қолдануда. Өтініш берушіге автоматты режимдегі байланыс арқылы қабылданған шешім туралы хабар беріледі, қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда SMS-те көрсетілген телефон нөмірі бойынша жүгінуге болатындығы түсіндіріледі. Қылмыстарды есептен жасыру өңірдегі криминогендік ахуалды жалған түрде жайлы етіп көрсетуге алып келеді. Қылмыстарды жасыру келеңсіздігіне көнбеңіз, өйткені сіздің конституциялық құқықтарыңыз бұзылады.

Жанна ИСАКОВА, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Аймақтық көліктік басқармасының Жамбыл және Шу көліктік аймақтары бойынша прокуроры

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар