Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

«ШАЛҒАЙ ҚАРАСУ» ШЫРАЙЛАНЫП КЕЛЕДІ

«ШАЛҒАЙ ҚАРАСУ» ШЫРАЙЛАНЫП КЕЛЕДІ
ашық дереккөз
«ШАЛҒАЙ ҚАРАСУ» ШЫРАЙЛАНЫП КЕЛЕДІ
Облыс әкімі Нұржан Нұржігітов Тараз қаласының «Шалғай Қарасу» тұрғын алқабын аралап, бірқатар нысанмен танысты. Аймақ басшысы тұрғын алқаптағы екі жыл бұрын пайдалануға берілген денешынықтыру-сауықтыру кешеніне барды. Нұржан Нұржігітов кешеннің айналасын көгалдандыру бойынша сенбіліктер ұйымдастыру керектігін айтып, жауаптыларға нақты тапсырмалар жүктеді. Сондай-ақ облыс әкімдігінің денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Арман Ташметовке әлі де спорттық құралдар жетіспейтін залға жабдықтар жеткізу жұмыстарын тезірек ұйымдастыруды тапсырды. Ал №52 бастауыш мектеп ғимаратының жағдайын көрген облыс әкімі нысанды 2025 жылы күрделі жөндеуден өткізу қажеттігін атап өтті. Бұдан соң облыс әкімі Целиноград көшесі 1,2,3,4-бұрылыстарындағы құрылыс жұмыстарымен танысты. Жөндеу жұмыстары осы жылдың аяғына дейін аяқталады деп жоспарланған. Мұнда жергілікті бір топ тұрғынмен кездесіп, өтініштерін тыңдаған аймақ басшысы бүгінде қала бойынша 240 көшеде жол жөндеу жұмыстары жүріп жатқанын жеткізді. Тұрғындардың жаяу жүргіншілер жолын салу тілегі де орындалатын болды. Көше жарығына қатысты мәселе де өз шешімін таппақ. Келесі кезекте аймақ басшысы облыс орталығындағы Саңырық батыр, Шостокович көшелеріндегі жол жөндеу жұмыстарын тексерді. Нұржан Нұржігітов жауаптыларға барлық құрылыстардың сапалы әрі уақытылы орындалуын қатаң бақылауға алу керектігін баса айтты.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар