Таксист-курьерлерден салық қалай алынады?
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов айтты, деп хабарлайды Ara BAQ.KZ тілшісі.
Әлеуметтік кодексте икемді жұмыспен қамтылған таксистер мен курьерлер «тәуелсіз жұмыскер» болып есептеледі. Олар табыс әкелетін еңбекпен айналысатын, бірақ тиісті уәкілетті органдарда ресми мемлекеттік тіркеуі жоқ тұлға деп танылды.
Мұндай қызметкерлердің қызметі онлайн-платформалар афертасына қосылу немесе жария шарт жасасу арқылы атқарылатын болса, онда бұл жұмыскерлер ресми жұмыспен қамтылды деп танылады. Мысалы, Яндекс онлайн-платформасына қосылған таксистер, Glovo платформасындағы курьерлер осы санаттағы жұмыскерлер қатарына кіргізіледі, - деді ол.Онлайн-платформалардың операторлары қолданыстағы салық режиміне сәйкес жұмыскерлерге салық төлемдерді және әлеуметтік аударымдарды аударатын болады.
Бұл ретте тәуелсіз жұмыскерлер жалдамалы жұмыскерлер секілді республикалық бюджеттен, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан және сақтандыру компанияларынан әлеуметтік төлемдерді алуға құқылы болады, - деді ол.Сарбасов енгізілген оңтайлы режимдер бүгінгі қызметкерлерден қосымша тіркеуді талап етпейтінін және оларға қосымша қаржылық жүктеменің болмайтынын атап өтті. Айта кетейік, азаматтарға жұмыс іздеу, жұмыссыз ретінде тіркелу, жұмысынан айырылған кезде арнайы төлемдерге өтініш беру процесстері толық цифрланып, Электрондық еңбек биржасы арқылы жүзеге аса бастады.
Келесі мақала