Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

«Білімді ұлт» қалыптастыруды көздейтін бірегей жоба

«Білімді ұлт» қалыптастыруды көздейтін бірегей жоба
ашық дереккөз
«Білімді ұлт» қалыптастыруды көздейтін бірегей жоба
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке мемлекеттік бағдарламалардан ұлттық жобалар форматына көшуді тапсырған болатын. Осыған орай әр министрлік өз жобасын әзірледі. Президенттің тапсырмасына сәйкес бұрынғы ҚР Білім және ғылым министрлігі «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасын дайындады. Бұл – білім беру мен ғылым саласын дамытудың 2025 жылға дейінгі жоспарын айқындайтын маңызды құжат. Облыста «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасын жүзеге асыру мақсатында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Ұлттық жоба мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, орта білім, техникалық және кәсіптік білім, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім секілді төрт бағыттан және 5 міндет, 15 көрсеткіштен тұрады. Оның ішінде білім басқармасына қатысты 4 негізгі міндет пен 12 нәтижелі көрсеткіш болса, 11 көрсеткіш толығымен орындалған. Ұлттық жобада көзделген міндеттердің бірі – мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың қолжетімділігін, сапасын қамтамасыз ету. Облыста бүгінде 59 894 баланы қамтитын 573 мектепке дейінгі ұйым бар. Оның 343-і мемлекеттік болса, 230-ы жекеменшік. Өткен жылы 20 жекеменшік балабақша ашылып, 2 270 орын іске қосылған. Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту көрсеткіші бойынша 2022 жылы жобада белгіленген жоспар орындалған. 2023 жылы бекітілген қадамдық жоспарға сәйкес 1937 орындық 17 жекеменшік балабақша ашу жоспарлануда. Осылайша жыл соңына дейін балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту көрсеткіші 94,2 пайызға жетеді деп күтілуде. 2025 жылға қарай 2-6 жас аралығындағы балаларды қамту үлесін 95 пайызға, 2028 жылға қарай 100 пайызға жеткізу көзделген. Ұлттық жобадағы келесі міндет – орта білім беру сапасын арттыру, қалалық және ауылдық мектептер арасындағы оқыту сапасындағы алшақтықты қысқарту (PISA) мақсатында кешенді шаралар қабылдануда. Соның бірі – Қазақстанның білім беру жүйесіндегі оқу жетістіктерін бағалау құралдарына – білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі. Бұған халықаралық зерттеулер жатады. Осыған сәйкес өткен жылы білім алушылардың білім жетістіктеріне жүргізілген мониторинг нәтижесінде 4-сынып оқушылары 21,52 балл, 9-сынып оқушылары 48,5 балл жинап, республикалық көрсеткіштен жоғары болған. Сонымен қатар ауыл мен қала мектептері арасындағы оқушылардың білім сапасындағы алшақтықты жою бойынша қадамдық жоспар әзірленіп, білім сапасына тұрақты мониторинг жүргізілуде. Сондай-ақ жоғары оқу орындарымен меморандумдар жасалған. Облыстағы орта білім берудегі тәрбие, оқыту үрдістерін дамыту, оқыту сапасын жақсарту мақсатында консультативтік-кеңесші органы, директорлар кеңесі, «Ұлағат» педагогтар ассоциациясы құрылған. Балаларды қосымша білім берумен қамту – ұлттық жобадағы негізгі міндеттердің бірі. Бүгінде балаларды қосымша біліммен қамту көрсеткіші 75,5 пайызды құрап, нысаналы индикатор толығымен орындалған. Оның ішінде 78 мектептен тыс мекемеде 68 570 оқушы қосымша біліммен қамтылса, жалпы білім беретін мектептердегі 2 677 спорт секциясында 82 597 оқушы, облыстағы 39 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіндегі 907 секцияда 30 410 бала түрлі бағыттағы үйірмелермен қамтылған. Облыс әкімдігі білім басқармасының басшысы Мейірхан Өмірбектің айтуынша, ұлттық жобадағы маңызды міндеттердің бірі – мектептерді жайлы, қауіпсіз және заманауи білім беру ортасымен қамтамасыз ету. Өткен жылдың басында тіркелген 3 ауысымды мектептің екеуінің мәселесі жаңа құрылыс есебінен шешіліпті. Алайда жаңа оқу жылында оқушылар санының артуына байланысты үш ауысымда жұмыс істейтін мектептер саны үшеуге артып, биылғы оқу жылында 4 мектеп үш ауысымда жұмыс істеген. Ұлттық жобаға сәйкес даму мүмкіндіктері шектеулі балаларды арнайы психологиялық-педагогикалық қолдаумен және ерте түзетумен қамту көзделген. Биылғы оқу жылында 6 233 ерекше білім алуды қажет ететін бала біліммен және тәрбиемен қамтылған. Бұдан бөлек «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасының техникалық және кәсіптік білім беру бағыты аясында жастар қолжетімді және сапалы техникалық біліммен қамтамасыз етілмек. Қазіргі таңда облыста жастарды талап етілетін мамандықтар бойынша колледждерде тегін оқытумен қамту 71,2 пайызды құрайды. 2025 жылға дейін 9-сынып түлектерін тегін кәсіптік біліммен қамтуды 100 пайызға ұлғайту жоспарлануда.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар