«АЛТЫН ОРДА» БАЗАРЫНЫҢ ЖАҚСЫЛЫҒЫ
Сауда комитеті Алматы қаласындағы «Алтын Орда» базарынан Түркістан және Жамбыл облыстарының фермерлеріне өз өнімдерін халыққа тікелей сату үшін сауда орындарын тегін пайдалануға ұсынды.
Құрметті Түркістан және Жамбыл облыстарының фермерлері! «Алтын Орда» базарында фермерлерге жүк көліктері үшін 100 тегін орын бөлінді. Біз әркім өз өнімдерін мүлдем тегін саудалай алатын алаң құрғымыз келеді. Сіздерге жалдау ақысын төлеудің қажеті жоқ. Біз сіздерге, елімізде өндірілген өнімді сату үшін қолайлы жағдай жасаймыз. Қазірдің өзінде базар аумағында базар әкімшілігі 15 қосымша бақылау таразысын орнатты. Базар павильондарында бір ай ішінде 9 кондиционер орнатылатын болады. Базар аумағына кіре берістегі түсініксіз бопсалауларды жоюға мүмкіндік беретін «ақылды» шлагбаумдар орнатылады. Бір айдың ішінде біртіндеп аймақтар бойынша базар санитарлық нормаларға сәйкестендіріледі, – деді Сауда комитеті төрағасының міндетін атқарушы Айдар Әбілдабеков.
Сату орындарында барлық жағдай қарастырылған. Саудагерлер үшін жайлы орын, бейнебақылау камералары да бар.
Барлық сұрақтар бойынша бірыңғай байланыс орталығына (8 7273 195 160, 8 747 059 7054) немесе «Altyn Orda Open» телеграм чатына хабарласыңыз.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі
Келесі мақала