ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖАЛҒАСА БЕРЕДІ
Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыс әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Ғалижан Мейірмановтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Онда спикер салада атқарылып жатқан жұмыстар ретін баяндап, БАҚ өкілдері қойған сұрақтарға жауап берді.
Бүгінде өңір халқының саны 1 миллион 221,3 мың адамды құраса, жұмыс күші – 571,1 мың. Жұмыспен қамтылған халық саны 543,2 мың болса, оның ішінде жалдамалы жұмысшылар – 361,8 мың, өзін-өзі жұмыспен қамтыған адам саны – 181,4 мың.
Жұмыссыздар саны – 28 мың, жұмыссыздық деңгейі – 4,9 пайыз. Басқарманың осы жылғы жалпы бюджеті 41,8 миллиард теңгені құрапты.
Биыл облыс бойынша бұл жобаның аясында жұмыспен қамтудың белсенді шаралары жоспарланып, 54 156 адамды жұмысқа тарту көзделсе, жоспар 55 пайызға орындалған.
Сонымен қатар осы жылы жұмыспен қамтудың өңірлік карталары аясында электронды еңбек биржасына енгізілетін жұмыс орындарының жоспары 67 968 орын болып бекітілсе, оның ішінде тұрақты жұмыс орны – 52 360-ты құраған екен.
– Есепті кезеңде барлығы 28 444 жұмыс орны құрылып, жалпы жоспар 41,8 пайызға орындалса, оның ішінде 17 439 әулиеаталық тұрақты жұмысқа орналасып, жоспардың орындалуы 33,3 пайызды көрсетті.
Әлеуметтік жұмыс орындарына 955 адамды жіберуге ұйғарым жасалып, бүгінде 1 022 адамның мәселесі шешілді. Олардың 96-сы жұмыстарын аяқтап, 78 азамат тұрақты жұмыс тапты.
«Жастар тәжірибесі» бойынша 3 044 түлекті жолдау жоспарланып, есепті мерзімге 722 адам жолданды. Олардың 109-ының жұмыс істеу мерзімі бітіп, 79,8 пайызы тұрақты жұмысқа орналасты.
Ақылы қоғамдық жұмыстарға 8 765 жұмыссызды жіберу екшелсе, жыл басынан бері жөнелтілгені – 7 838 адам. Олардың 770-і жұмыстарын аяқтап, 391-іне мемлекет тұрақты жұмыс тауып берді. «Алғашқы жұмыс орны» жобасына қатысатын 574 адамның бүгінде 200-і жобаның қатысушысы атанды. «Ұрпақтар келісімшарты» жобасына да қатысатын 29 тұрғынның 17-сі қамтылды. «Күміс жас» жобасына 743 адамды тарту көзделсе, жобаның шарапатын 682 азамат көрді.
Облыс бойынша халықтың әлеуметтік осал топтарына, яғни 1 054 адамға Ұлттық жоба аясында кәсіпкерлікті дамытуға биыл 1454,5 миллион теңге көлемінде қайтарымсыз гранттар беру жоспарланды.
Есепті кезеңге 267 адам 368,4 миллион теңгенің гранттарын алды.
Сондай-ақ «Бастау Бизнес» жобасы бойынша онлайн оқыту курстарына 6 466 адам жолданып, 4 602 адам оқуын аяқтады. Ел Президентінің өткен жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауына сәйкес биыл жастарға 2,5 пайызбен шағын несие беру қолға алынып, осы мақсатта облыс бойынша 347 адамға 1735,0 миллион теңге көлемінде шағын несие беру жоспарланды. – дейді Ғалижан Советұлы.
Сондай-ақ бұл бағдарламаға 21-35 жас аралығындағы жастар қатыса алады. Микрокредит беру жұмыстары наурыз айынан бастау алып, бүгінгі күнге облыс жастарынан құны 1647,2 миллион теңгені құрайтын 357 жоба қабылданып, конкурстық комиссияның қарауына жолданыпты.
Есепті кезеңде конкурстық комиссияның 3 рет отырысы өткізіліп, құны 1303,9 миллион теңгені құрайтын 284 жоба мақұлданыпты. Оның ішінде 136 үміткер үшін 626,2 миллион теңге қаржы олардың ағымдағы шоттарына аударылыпты.
Нұржан ӘЛІШ
Келесі мақала