Әлеумет
Қазақстанда 1 шілдеден бастап халықты жұмыспен қамту орталықтарының жұмысы тоқтайды
- author AR-AY
- 21 маусым, 2023
- 573
Қазақстанда 1 шілдеден бастап халықты жұмыспен қамту орталықтарының жұмысы тоқтайды
1 шілдеден бастап әлеуметтік кодекстің күшіне енуіне орай, Қазақстанда жұмыспен қамту орталықтары жойылады, деп хабарлайды Arainfo тілшісі Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап.
Олардың орнына облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалаларда еңбек мобильдігі орталықтары құрылады. Мұндай орталықтардың филиалы "Мансап орталығы" деген атаумен жұмыс істейді.
Еңбек мобильдігі орталықтары "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы заңы негізінде жұмыс істейді. "Жастар практикасы", "Алғашқы жұмыс орны", "Күміс жас", "Ұрпақтар келісімшарты" жобаларын жүзеге асырады.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, қазіргі таңда қазақстанда 207 жұмыспен қамту орталығы бар.
Келесі мақала