Еркіндікке жолдама алды
Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесінен үш бірдей азамат босатылды. Еркіндікке жолдама алған жазасын өтеушілерді ҚАЖ қызметкерлері мекеме қақпасынан шығарып салып, болашақта заңға қайшы әрекеттерге бармауға шақырды.
Айта кетейік, сотты болған қос азамат шартты түрде мерзімінен бұрын босатылса, енді бірі айыппұл төлеу арқылы еркін өмірге жолдама алып отыр.
Арайлым СӘТТІБАЕВА, №26 мекемесі арнайы есеп тобының аға инспекторы, әділет аға лейтенанты
Келесі мақала