Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

«БИЗНЕСКЕ ЖОЛ» ЖОБАСЫНЫҢ БЕРЕРІ МОЛ

«БИЗНЕСКЕ ЖОЛ» ЖОБАСЫНЫҢ БЕРЕРІ МОЛ
ашық дереккөз
«БИЗНЕСКЕ ЖОЛ» ЖОБАСЫНЫҢ БЕРЕРІ МОЛ
Кеше өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында өткен кезекті брифингте ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыс бойынша департаментінің превенция басқармасының басшысы Дәурен Омаров есеп берді. ҚР Парламентінің бірінші сессиясының ашылуында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Іскерлік белсенділікті ынталандыру қажет, осы ретте шағын және орта кәсіпкерлік экономика мен еңбек нарығының қозғаушы күшіне айналуға тиіс. Шағын және орта бизнесті толыққанды қолдау үшін кешенді шаралар қабылдау қажет», деген болатын. – Мемлекет басшысының тапсырмаларын және бизнесті қорғау мәселесінің маңыздылығын ескере отырып, агенттік жыл басынан бері «Бизнеске жол» жобасын іске қосты. Бүгінгі таңда департамент тарапынан аталған жоба аясында кәсіпкерлердің нақты мәселелерін шешуге бағытталған біраз жұмыс жүргізілді. «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп бизнес өкілдерімен күнделікті кездесулер өткіземіз және олардың қалыпты жұмыс істеуіне ненің және кімнің кедергі келтіретінін анықтаймыз, – деді Д.Даниярбекұлы. Жоба іске аса бастағалы 23 кездесу өтіп, 185 кәсіпкер қамтылған. Кәсіпкерлерден 23 өтініш түскен. Қазіргі уақытта олардың 17-сі қанағаттандырылыпты. 279 кәсіпкердің құқығы қалпына келтірілген. Осы фактілер бойынша жергілікті атқарушы органдардың 4 лауазымды тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылыпты.

Э. ТІЛЕУБЕРДІҚЫЗЫ

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар