Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

ӨНЕРТАПҚЫШТАР ӨЗАРА БАҚ СЫНАДЫ

ӨНЕРТАПҚЫШТАР ӨЗАРА БАҚ СЫНАДЫ
ашық дереккөз
ӨНЕРТАПҚЫШТАР ӨЗАРА БАҚ СЫНАДЫ
Жақында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен техникалық-шығармашылық және өнертапқыштардың республикалық сайысы өтті. Жарыстың мақсаты – елімізде балалардың техникалық шығармашылығын дамыту, білім алушылардың өзін-өзі кәсіби анықтауы үшін жағдай жасау. Өнертапқыштар кеме, әуе, көлік және зымыран модельдері түрлері бойынша сайысқа түсті. Жарысқа бас-аяғы әр өңірден 180 білім алушы қатысты. Сайыстың алғашқы күнінде қатысушылар екі жарыс түрінен бақ сынады. Алдымен Үш-Бұлақ стансасында балалар әуе модельдеу және зымыран модельдеуден сайысқа түсіп,өзі біліктіліктерін көрсетті. Мұнан соң «Жеңіс» саябағында кеме модельдеуден өзара бақ сынады. Жарыстың екінші кезеңі №30 мектеп-гимназиясы мен техникалық-шығармашылық орталықта жалғасын тапты. Сайыста бағын сынаған қатысушылар да өз әсерімен бөлісті. – Жарысқа кеме моделі түрінен сынға түсіп жатырмын. Жалпы үйірмеге қатысып жүргеніме 2-4 жыл болып қалды. Бастысы жеңіс емес, қатысу, өзге де балалармен танысып, тәжірибе жинақтау. Бұл да үлкен сабақ, – дейді жарысқа қатысушы Әкежан Алихан. Техникалық-шығармашылық орталықта арманы асқақ,мақсаты айқын өнертапқыш жастардың саны көп. Орталықтың жұмысы да күннен-күнге жанданып келеді. Екі күнге созылған сайыстың марапаттау рәсімі 10 маусым күні «Бақытты болашақ» оқушылар сарайында өтті. Әр қаладан келіп бақ сынаған 180 баланың арасында 48 қатысушы жүлделі орындармен марапатталды. Жарыс жеңімпаздарына арнайы сыйлықтар табысталды.

Анар Әуесбек, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің 2-курс студенті

 
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар