Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

ЖАМБЫЛДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕГЕ ҚАТЫСТЫ

ЖАМБЫЛДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕГЕ ҚАТЫСТЫ
ашық дереккөз
ЖАМБЫЛДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕГЕ ҚАТЫСТЫ
Облыс әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек бастаған делегация Нидерланд Корольдігінде өткен «GreenTech Amsterdam-2023» көрмесінің жұмысына қатысты. Жыл сайын өткізілетін көрменің мақсаты – жылыжай шаруашылығының ең озық технологиялары мен жаңалықтарын дүйім жұртшылыққа ұсыну, саланың бизнес мүмкіндіктерін көрсету. Биылғы көрмеге 300 компания, 12 мыңға жуық көрермен қатысуда. Жалпы бүгінгі таңда Нидерланд Корольдігі ауылшаруашылығын интенсивті түрде дамытып, жоғарғы өнімділік бойынша жылыжай кешендерін жолға қойған, сол арқылы айтарлықтай жетістікке жеткен әлемнің үздік мемлекеттерінің бірі. Жамбылдық делегацияның жұмыс сапары аясында Қазақстанның Нидерланд Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Асқар Жұмағалиев пен ҚР Ауылшаруашылығы вице-министрі Әбілхайыр Тамабектің қатысуымен өткен жылыжай саласының үздік компанияларымен келіссөздер жүргізілді. – Біз ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінің ұйымдастыруымен Нидерланд еліне жылыжай жүйесін қалай дамытып жатқандығы туралы мәселелермен танысуға келдік. Мұндағы бірнеше нысандарды аралап, жылыжай желісіндегі қолданылып жатқан жаңа технологиялармен таныстық. Жамбыл облысы климаттық жағынан алып қарағанда жылыжай желісін дамытуға өте қолайлы. Біз бүгінде облыс әкімінің тапсырмасымен осындай жылыжай желісін дамытуға арналған арнайы жер учаскесін белгіледік. Сол жерлерде өзіміздің алған тәжірибелерімізді пайдаланатын боламыз. Осы елден инвесторлар келіп, жұмыс істейді деген сенімдемін, – деді Қанатбек Қайшыбекұлы. Делегация Нидерландының жылыжай кешендерінің 80 пайызы шоғырланған Вестлэнд провинциясына барып, жылыжай шаруашылығын дамытудағы мемлекеттік органдардың қызметімен танысты. Жылыжай шаруашылығының ең соңғы инновациялық технологияларын шоғыр­ландырған «Koppert Cress», «Certhon», «Tomatoworld» компания­лары­ның жұмы­сын­­дағы басты ерекшелік – жоғарғы өнім­ді­лік, өндірістің ғылыммен үйлесімділігі. Аталған жылыжай кешендерінде 1 шаршы метрден 80 келіге дейін қызанақ алынуда.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар