Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

АРХИВ ІСІН ДАМЫТУДЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

АРХИВ ІСІН ДАМЫТУДЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ
ашық дереккөз
АРХИВ ІСІН ДАМЫТУДЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ
Еліміздің болашағы жастарды қазіргі заман талабына сай, парасатты, білімді азамат ретінде қалыптастыру үшін архивтің маңызы ерекше. Архив – адамның, қоғамның жəне мемлекеттің басқару қызметінің сенімді серігі, керек деректі дер кезінде жинақтап, ақпаратты сақтаушы, жеткізуші мекеме. Архивті сақтау, оны түгендеу өркениетті елдердің үрдісі. Осы орайда Шу ауданының мемлекеттік архивінде де жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Бүгінде мұнда маңызды әлеуметтік-экономикалық, саяси, мәдени маңызды деректер жинақталған құжаттар сақтаулы. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында аудандық мемлекеттік архивте сақтаулы тұрған құжаттарды электронды-сандық форматқа көшіру жұмыстары қолға алынды. Нәтижесінде арнайы жоспарға сәйкес 2013 жылдан бастап бүгінге дейін электронды деректер базасына жалпы 18 171 сақтау бірлігінің 1 460 035 парағы сканерден өткізілді. Бұл жұмысқа жылдамдығы жоғары сканерлер беріліп, тиімді пайдаланылуда. Алдағы уақытта барлық архив құжаттары цифрлық форматта сақталатын болады. Тағы бір айта кетерлік жаңалық, 2020 жылдың төртінші тоқсанынан бастап Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында «Құжаттардың бірыңғай электрондық архиві» ақпараттық жүйесі іске қосылып, мекемедегі сандық форматтағы құжаттарды жаңа жүйеге енгізу жұмыстары басталды. Сондай-ақ екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан жерлестер туралы мәліметтерді іздестіруді жеңілдету үшін архивтің жеке тектік құжаттары электрондық сандық форматқа ауыстырылып, «Е-Архив» жүйесіне енгізілді. Қазіргі таңда бұл ақпараттық жүйеге аудан әкімінің аппараты, аудандық мәслихат, аудан әкімдігіне қарасты бөлімдер және ауылдық округ әкімдері, барлығы 35 мекеме қосылды. Аталған мекемелер алдағы уақытта осы ақпараттық жүйе арқылы архивке құжаттарын электронды түрде өткізетін болады. 2021 жылдың қазан айынан бастап «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызметі де осы «Е-Архив» жүйесі арқылы жүзеге асырылуда.

Айнұр АБИЕВА, Шу аудандық мемлекеттік архивінің II дәрежелі архивисі

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар