Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Жол картасының жемісі мол

Жол картасының жемісі мол
ашық дереккөз
Жол картасының жемісі мол
Жуырда өңірлік коммуникациялар қызметінде облыс әкімдігі цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Руслан Ноқрабеков баспасөз мәслихатын өткізіп, цифрландыру саласында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Руслан Мосқауұлының айтуынша, бүгінгі таңда өңіріміздегі 367 елді мекеннің 68-і (18,8 пайыз) 2G, 116-сы (31,61 пайыз) 3G төмен жылдамдықты мобильді интернетпен, 182 елді мекен (49,59 пайыз) жоғары жылдамдықты 4G мобильді интернетпен қамтамасыз етілген. – Жалпы облыстағы барлық 371 елді мекеннің 191-і талшықты оптикалық байланыс желісімен қамтамасыз етілген. Қалған 180 елді мекен қамтылмаған. «Кcell» акционерлік қоғамы 2022 жылы 11 елді мекенде 2G-ден 3G-ге ауыстырды. Сондай-ақ 16 елді мекенді 4G мобильді байланысымен қамтамасыз етті. Сол секілді «Кар-Тел» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (Beeline) өткен жылы 67 елді мекенде 4G-мен қамту жұмыстарын жүргізді. Биылғы жылдың жоспары да ауқымды. Мәселен, «Кcell» акционерлік қоғамы 24 елді мекенде 3G және 29 елді мекенде 4G мобильді байланысының сапасын жақсартады деп күтілуде. Бүгінгі күнге 13 елді мекенде жұмыстар аяқталды. Ал «Кар-Тел» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 23 елді мекенде (40 базалық станса) 4G мобильді байланысының сапасын жақсартуды жоспарлап, 7 елді мекенде жұмыстар аяқталды. Сондай-ақ «Мобайл Телеком сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 22 елді мекенде 3G-ден 4G-ге ауыстыру жұмыстарын жүргізеді, – деген Руслан Мосқауұлы келесі кезекте «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасына тоқталды. Облысымызда сәуір айының 26-27 күндері «ZHEIF-2023» халықаралық экономикалық және инвестициялық форумы өткен болатын. Форум аясында облыс әкімі және ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрімен «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы шеңберінде «2023-2027 жылдары Жамбыл облысының елді мекендерінің интернет желісіне және байланысына сапалы қолжетімділікті қамтамасыз ету жөніндегі» Жол картасы бекітілген. Жол картасына сәйкес 2025-2027 жылдары 165 елді мекенде мобильді интернет желісінің сапасын 4G-ге арттыру, 28 елді мекенді электр желілері мен антенна-діңгек құрылысымен, 155 елді мекенді (422 мемлекеттік мекеме) талшықты-оптикалық байланыс желісімен, республикалық және облыстық маңызы бар жолдарды цифрлық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету көзделген. Басқарма басшысының айтуынша, жоспарлы жұмыстар 2027 жылдың соңына дейін жалғасын табатын болады.

Гаухар АБАТОВА, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің 3-курс студенті

 
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар