
Кәсіпкерлер спорт алаңшасын сыйға тартты
Мойынқұм ауданының Мыңарал ауылдық округінде орналасқан «Жамбыл Цемент» компаниясының басшылығы ауыл балаларына футбол алаңшасын сыйға тартты.
Компания есебінен бой көтерген спорт алаңшасына 22 миллион теңге қаражат жұмсалған. Мұнда шағын футбол алаңшасымен қатар, «Street workout» алаңы да бой көтерген. Алаңшаға орындықтар қойылып, көше жарығы орнатылған.
Айта кету керек, облысқа ағымдағы жылы спорт саласына жергілікті бюджеттен 13,3 миллиард теңге қаржы бөлінген. Қазіргі таңда облыс көлемінде 23 спорт нысанының құрылысы жүруде десек, жыл соңына дейін оның 16-сы қолданысқа берілмек. Жоспар бойынша 2025 жылға дейін 129 елді мекенде заманауи спорт алаңшасын, ал 2027 жылға дейін барлығы 59 спорт нысанын салу жоспарда.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі
Келесі мақала
«Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте»
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
«Көк кит» фильмі: прокуратура қолдауымен түсірілген туынды прокатқа шықты
- авторAR-AY
- 16 қыркүйек, 2025
Жаңалықтар
Енді картаңызды басқа адамға берсеңіз, 7 жылға дейін сотталуыңыз мүмкін
- авторAR-AY
- 16 қыркүйек, 2025