Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

«Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте»

«Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте»
ашық дереккөз
«Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте»
Облыстық жастар ресурстық орталығы мен «Жаңа-Ру» жастар коалициясы қауымдастығының ұйымдастыруымен этнос өкілдері арасында облыстық «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!» атты интеллектуалды квест ойыны өтті. Ойынға Тараз қаласы мен облысымыздың аудандарынан 17 команда қатысып, бақ сынасты. Әр команданың құрамы 3 қатысушыдан жасақталды. Ойынның  негізгі мақсаты – жастар саясатын насихаттау, этнос өкілдері арасында достық қарым-қатынас орнату, жастардың бос уақытын тиімді пайдалану және квест ойындары арқылы әр өңірдегі жастарды өз ортасының көшбасшысы болуға, жылдам әрі нақты шешім қабылдауға үйрету. 
Квест ойындары  «Бәйтерек» ықшамауданы, ҚР тұңғыш Президенті саябағында орналасқан амфитеатр, «Қазақстан Premier» кинотеатры, Қарахан баба аллеясы, «Достық үйі»  орындарында жалғасын тапты. Ойын 5 кезеңді қамтыды. Сондай-ақ  бағын сынап жатқан әр команданың өкілдеріне бекітілген орынға жетуі үшін түрлі логикалық тапсырмалар мен интеллектуалды сұрақтар қойылды. Межелі жерге жеткен қатысушы командаларды волонтерлер мен жастар ресурстық орталығы қызметкерлері күтіп алып, тимбилдинг ойындарын ойнатып, қазақ халқының, Тараз қаласының тарихы, әдебиет, спорт, кино және тағы басқа салаларды қамтыған түрлі тапсырмаларды берді.
 Интеллектуалды ойын сағат күндізгі 10:00 ден бастап 18:00ге дейінгі уақыт тізгінін еншіледі. Қорытындысы бойынша жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар болып, топ жарып шыққан командалар бағалы сыйлықтармен марапатталды. І орынды «Тараз-Туризм» орталығының қызметкерлерінен құралған «Жауқазын» командасы (150 мың теңге), ІІ орынды Шу ауданынан келген «Шу жастары» командасы (100 мың теңге), ІІІ орынды Тараз қаласынан «Тараз жастары» мен «Найзағай Маквин» командалары (50 мың теңге)  иеленді.
Ал интеллектуалды ойынға белсенді қатысып, ерекше көзге түскені үшін «Белсенді команда» номинациясын Байзақ ауданы жастарынан құралған команда иеленсе, «Креативті команда» номинациясы «Ассамблея жастары» командасына бұйырды және оларға  25 мың теңгеден ынталандыру сыйақылары берілді.
Сонымен қатар  барлық командаларға ұйымдастырушылар тарапынан алғыс хаттар табысталды.
Аят Батей,
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің 2-курс студенті
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар