Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Еліміздегі орыстілді балабақшалар жабыла ма? – министрдің жауабы

Еліміздегі орыстілді балабақшалар жабыла ма? – министрдің жауабы
ашық дереккөз
Еліміздегі орыстілді балабақшалар жабыла ма? – министрдің жауабы
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Үкімет отырысынан кейін кулуарда мемлекеттік балабақшаның қазақ тілінде болатынына қатысты сұраққа жауап берді.
Мемлекеттік тілде білім беретін балабақшаны ұйымдастыру көп қиындық тудырмайды деп ойлаймын. Балабақшаға балалардың баруына сұраныс та бар, тәрбиешілер де бар, –  деді ол.
Сондай-ақ министр мамандарды дайындап, оларды оқыту мәселесі де қосымша қолға алынып жатқанын айтты. Ал «Орыс тілінің мектепке дейінгі білім беру мекемелерінен алынып тасталуы мүмкін бе?» деген сұраққа орыс тілінің балабақшадан ешқашан алынып тасталмайтынын, тек ата-аналардың сұранысы мен қажеттілігіне байланысты қазақ тілінде тәрбие, білім беретін мекемелердің көптеп ашылатынын ескертті.
Мемлекеттік тілде балабақшалардың ашылуы – табиғи заңдылық, – деді министр.
Оның айтуынша, қазір қазақ тіліндегі балабақшаларға қажеттілік пен сұраныс күн өткен сайын артып келеді.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар