Қазақстанда пәтер арзандап жатыр
Биыл мамырда Қазақстандағы 13 қалада (қайталама нарықта) пәтерге сұраныс бағасы төмендеді, деп хабарлады krisha.kz.
Өткен айдың қорытындысы бойынша орташа баға 374 556 теңге болды. Бұл – сәуірмен салыстырғанда, 0,4% аз.
Бағаның максималды төмендеуі төмендегідей:
- Астанада – 1,3%;
- Өскеменде – 1,2%;
- Атырауда – 1%;
- Алматыда – 0,9%.
- Алматыда – 706 мың теңге;
- Астанада – 475 мың теңгеге жуық;
- Шымкентте – 433 мың теңге.
Жылдық динамикада (2022 жылғы мамыр, 2023 жылғы мамыр) қайталама нарықтағы пәтер бағасы орта есеппен 3,8% қымбаттады. Ең үлкен өсім – Ақтауда, +13.4 %. Ең үлкен төмендеу – Талдықорғанда, -5.2 %.