Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Білімдінің күні жарық

Білімдінің күні жарық
ашық дереккөз
Білімдінің күні жарық
«Жақсы кітап – жан азығы» деген сөз бар халық даналығында. Расында да көркем әдебиетпен сусындап, ілім-біліммен өскен баланың болашағы да баянды болмақ. Әсіресе бүгінгідей жаһандану дәуірінде өскелең ұрпақты ұялы телефонмен емес, ұлттық құндылықпен тәрбиелеудің маңызы зор. Оның ішінде білім бұлағы саналатын кітапты дәріптеудің, танымал шығармаларды насихаттаудың тағылымы мол. Осы орайда Жаңатас қаласындағы Абай атындағы орта мектепте «Оқуға құштар мектеп» жобасы жүйелі жүзеге асуда. Бұл тұрғыда білім ошағында арнайы жылдық жоспар жасалып, кітаптар оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты таңдалды. Аталған жоба аясында жуырда 5-сынып жетекшісі Ардақ Бақытбекқызы мен мектеп кітапханашысы Бекзат Айдарбекованың ұйымдастыруымен «Мен оқыған бір кітап» сайысы өтті. Мұндағы мақсат – оқушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру, оқу сауаттылығын, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. Оқушылар Б.Момышұлының «Ұшқан ұя», М.Әуезовтің «Абай жолы», С.Мұқановтың «Сұлушаш», Б.Соқпақбаевтың «Менің атым – Қожа», Ш.Мұртазаның «Қара маржан» атты кітаптарын оқып, өзара бақ сынады. Әлем әдебиетінен «Том Сойердің басынан кешкендері» атты шығарма да жас жеткіншектерді қызықтыра түсті. Сайыс қорытындысы бойынша жүлдегер атанған оқушылар дипломдармен марапатталып, ақшалай сертификаттар тапсырылды.

Асыл Бекбергенова, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің 3-курс студенті

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар