Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Геопорталдың тиімділігі мол

Геопорталдың тиімділігі мол
ашық дереккөз
Геопорталдың тиімділігі мол
Осы жылдың 15 наурызында Қазақстан Республикасының жер заңнамасына бірқатар өзгерістер енгізілген болатын. Тарқатып айтқанда, Жер кодексіне жаңадан 44-2 бап қосылып, соның негізінде жер учаскелерін 2 түрлі әдіспен, электронды форматта тікелей ұсыну және сауда-саттық арқылы беру қолға алынды. Аталған қызметтерді алу үшін бірінші кезекте өтініш беруші «E-Gov» порталына тіркеліп, «Жария кадастрлық карта» арқылы өтінішті ұсынады. Өтініш одан әрі облыстың e-jambyl.kz өңірлік геоақпараттық жүйесіне, яғни геопорталға жолданады. Жаңа заң жобасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Ә.А.Смайыловтың төрағалығымен 2023 жылдың 24 наурызында өткен «Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі» комиссия отырысы хаттамасының 3-бөлімінің 2-тармағы орындалу үстінде. Яғни республика бойынша 88 қалаға 1:500 масштабтағы аэрофототүсірілім жүргізе отырып, картографиялық деректерді өзектендіру тапсырылған болатын. 88 қаланың ішінде облысымыздағы 4 қала да енгізілді. Бүгінде Тараз қаласы бойынша 2021 жылы жалпы ауданы 243 шаршы метрді құрайтын аумаққа аса жоғары шешімді масштабы 1:500, кеңістіктік рұқсаты 5 сантиметр пиксель болатын аэрофототүсіру жұмыстары «КАЗГИСА» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тарапынан жүргізіліп, картографиялық деректерді өзектендірді. Ендігі кезекте облыс әкімінің төрағалығымен былтырғы жылдың 2 наурызында өткен аппараттық кеңестің №46 хаттамасының 2-тармағына сәйкес биылғы мамыр айында Жаңатас, Қаратау, Шу қалалары мен Төле би ауылына масштабы 1:500 болатын аса жоғары шешімді аэрофототүсірілім жұмыстары «КАЗГИСА» ЖШС тарапынан жүргізілетін болады. Осыған байланысты биыл 15 мамырда «КАЗГИСА» ЖШС өкілдерімен аэрофототүсірілім жұмыстары бойынша кеңес өткіздік. Кеңес барысында атқарылатын жұмыстардың барысы талқыланып, әрбір аудан әкімімен жеке-жеке сөйлесіп, мәселе түсіндірілді. Соның ішінде Сарысу ауданының орталығы Жаңатас қаласында тиісті жұмыстар осы жылдың 18 мамырында, Талас ауданындағы Қаратау қаласында 19-22 мамыр аралығында жүргізілді. Ендігі кезекте Шу ауданы, Шу қаласы мен Төле би ауылына ұшқышсыз ұшу аппараты арқылы аэрофототүсірілім жұмыстары жүргізілетін болады. Осы орайда Сарысу, Талас және Шу аудандарының тұрғындары түсіністікпен қарағаны абзал. Аэрофототүсірілім жұмыстары өз кезегінде картографиялық деректердің, яғни әрбір елді мекеннің даму жоспарларының жасалуына, оны геопарталға орналастыруға қолайлы. Сонымен қатар қызыл сызық, әртүрлі қорғау аумақтары, өндірістік аумақтар мен нормаларын, бос жер учаскелерін белгілі бір масштабпен және тура дәлдікте облыстың геопорталына және республикалық «Жария кадастрлық картаға» орналастыруға мүмкіндік беретін болады. Жоғарыда аталған аэрофототүсірілім жұмысы осы жылдың қазан айында облыстың басқа да аудан елді мекендерінде жүргізіледі.

Айтқазы Қарабалаев, облыс әкімдігі сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар