Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

СУҒА ШОМЫЛҒАНДА САҚ БОЛҒАН ЖӨН

СУҒА ШОМЫЛҒАНДА САҚ БОЛҒАН ЖӨН
ашық дереккөз
СУҒА ШОМЫЛҒАНДА САҚ БОЛҒАН ЖӨН
Оқу жылы аяқталып, шомылу маусымы басталатын шақ жақындады. Балалар мен олардың ата-аналары демалысты қызықты әрі есте қаларлықтай етіп өткізу үшін міндетті түрде су айдындары мен бассейндерді жағалайтыны белгілі. Өкінішке қарай, суға шомылу кезіндегі қарапайым қауіпсіздік ережелерін балалардың бірі білсе, бірі біле бермейді. Білсе де дұрыс сақтамайды. Балалар тұрмақ, үлкендердің өзі қауіпсіздік ережелеріне аса қатты мән бере бермейді. Салдарынан әртүрлі оқыс оқиғалар орын алады.  Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 2019 жылы қабылданған қаулыға сәйкес аймақта шомылуға рұқсат етілген 12 орын бекітілген. Осы орайда сала мамандары шомылуға рұқсат етілмеген барлық су айдындары қауіпті болып есептелетінін ескертеді. Өткен жылғы суға шомылу маусымын қауіпсіз өткізу мақсатында облыстық төтенше жағдайлар департаментімен аймақтың су айдындарындағы жазатайым оқиғалардың алдын алу бойынша барлық қажетті іс-шаралар ұйымдастырылғанын айтады. Ал осы жылдың сәуір айында төтенше жағдайдың алдын алу немесе жою комиссиясы облыстық, қалалық және аудандық отырыстарда шомылу маусымы кезеңіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері қаралған. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Ермек Момбаев мүдделі органдар алдына суға шомылу кезеңінде адамдардың су айдындарындағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша міндеттер қойылғанын айтады. Биылғы жылы жазғы шомылу маусымында облыстың су айдындарында судағы қайғылы оқиғалардың алдын алу іс-шараларының бірлескен жоспары бекітілді. Бекітілген жоспарға сәйкес, білім басқармасымен 6 сәуір күні «Судағы қауіпсіздік шаралары» тақырыбында барлық жалпы білім беретін мектептерде ата-аналар жиналысы өтті. Оған 30 750 ата-ана, төтенше жағдайлар, ішкі істер органдарының қызметкерлері қатысты. Ата-аналармен оқушыларға 12 820 жадынама таратылып, 275 мектепте бейнеролик көрсетілді. Суда жаппай демалатын орындарда, атап айтқанда, жеке жағажайлар мен демалыс аймақтары, сондай-ақ табиғи жағажайларда 55 қоғамдық құтқарушыларды тартумен қосымша 12 бекет құрылды. Оған қоса облыс бойынша 3 құтқару бекеті құрылды. Облыс аумағында шомылуға рұқсат етілмеген су айдындарында 310 тыйым салынған белгілер және 42 бильборд және ақпараттық стендтер орнатылды. Облыс әкімдігінің білім басқармасымен бекітілген жоспар аясында аудандар мен Тараз қаласындағы демалыс орталықтары мен бассейн иелерімен 15 келісімшарт жасалып, 1 820 оқушы жүзу курстарынан өтті. ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» мекемесі жедел-құтқару жасағының қызметкерлерімен, 330 баламен жүзу дағдыларына үйрету, нұсқаулықтар өткізілді, – дейді Ермек Жамбылұлы. Бұдан бөлек азаматтық қорғаныс басқармасы Тараз қалалық төтенше жағдайлар басқармасы және аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері сәуір айынан бастап шомылуға қауіпті орындарда судағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында құзырлы мекемелермен, БАҚ өкілдерімен бірлесіп, көпшілік жаппай демалатын және шомылуға қауіпті, рұқсат етілмеген орындарда 1 891 рейд пен патрульдеу ұйымдастырылған. Рейд барысында ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 364, 412 және 440-баптары бойынша айыппұлдар салынып, ескертулер түрінде жауапкершілікке тартылған. Мәселен, Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 364-бабы бойынша 61 адамға ескерту берілсе, 412-бабы бойынша 21 мың 440 теңге сомасында 2 адамға айыппұл салынған. Ал 440-бап бойынша 1 миллион 401 мың 231 теңге сомасында 183 адамға айыппұл салыныпты. Сондай-ақ өткен жылғы су айдындарындағы қауіпсіздікті сақтау бойынша аумақтық көлік бақылау инспекциясымен бірлескен жоспар аясында шомылу маусымында, су айдындарын патрульдеу кезінде ӘҚБтК-нің 582-бабы бойынша 16 құқық бұзушы азамат анықталып, хаттама толтырылған. Дегенмен атқарылған іс-шараларға қарамастан, өткен жылғы 1 маусымнан 31 тамызға дейінгі аралықта өңірде 3 қайғылы жағдай тіркеліп, 4 адам қайтыс болған. Көз жұмғандардың екеуі кішкентай бала. Сонымен қатар өткен жылдың басынан 30 шілдедегі жағдай бойынша жалпы 5 адам суға батса, оның екеуі бала. Яғни былтыр 2021 жылға қарағанда суға бату оқиғасы 1,5 есе төмендеген. Облыстың су айдындарында өткен жылғы шомылу маусымы кезінде адамдардың қаза болуының барлық фактілері жабдықталмаған жерлерде тіркелген. Онда өз күшін жете бағаламау, күшті ағысқа түсу нәтижесінде дененің аяқ-қолының тартылуы себеп болған. – Қазіргі таңда шомылуға рұқсат етілген жағажайлардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында түбін тексеру жұмыстары жүргізілді. Күнделікті негізде облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері шомылуға тыйым салынған орындарда, сауда үйлерінде, халықтың көп жиналатын орындарында рейдтік-профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілуде, – деді басқарма басшысы. Айжан ӨЗБЕКОВА
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар