Жауынгерлік қарудан тәжірибелік оқу-жаттығу өткізілді
Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №26 түзеу мекемесінде атыс даярлығы бойынша жауынгерлік қарудан 9 мм МТ-нан тәжірибелік оқу-жаттығу өткізді. Бұл күні жеке құрам қызметкерлері жауынгерлік даярлықтағы біліктіліктерін анық байқатты.
Жаттығу барысында әділет лейтенанты Т.С.Малдыбаев әуелі қауіпсіздігі ережелерін сақтау жөніндегі нұсқаулықтармен таныстырды. Айта кетейік, оқу-жаттығулары жеке құрамның атыс дайындығын жетілдіріп қана қоймай, оқ ату дағдыларын шыңдайтыны белгілі. Сондай-ақ, қызметкерлердің жауынгерлік даярлық көрсеткіштерін одан әрі жақсарта бермек.
Әмина МАСАТБАЙ, №26 түзеу мекемесі кадр саясаты тобының инспекторы, әділет аға лейтенанты
Келесі мақала