Жамбыл облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментімен 2023 жылдың 4 айында мемлекеттік сатып алуды жүргізу ережелерін бұзған үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту
- author AR-AY
- 11 мамыр, 2023
- 143
Жамбыл облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган ретінде Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 12 қарашадағы «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» № 392 заңының 14 бабы негізінде мемлекеттік сатып алу рәсімдеріне камералдық бақылау жүргізеді.
Мемлекттік сатып алуларға камералдық бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы «Камералдық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» №598 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.
Камералдық бақылаудың мақсаты бұзушылықтардың уақтылы жолын кесу және оларға жол бермеу, мемлекеттік аудит объектісіне камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды дербес жою құқығын беру және мемлекеттік аудит объектілеріне әкімшілік жүктемені азайту болып табылады.
Камералдық бақылаудың ден қою шаралары:
1) барлық мемлекеттік органдардың, ұйымдармен лауазымды адамдардың орындауы үшін міндеттікамералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталғанбұзушылықтарды жою туралы хабарлама жіберу;
2) мемлекеттік аудит объектілерінің бюджеттіатқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылғанкодтары мен шоттары, сондай-ақ банк шоттарыбойынша (корреспонденттік шоттарды қоспағанда) барлық шығыс операцияларын тоқтата тұру;
3) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы заңнамасында көзделген құзыретшегінде әкімшілік іс жүргізуді қозғау болыптабылады.
Департамент тарапынан, камералдық бақылаунәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтардыжою туралы жіберілген хабарламаны мемлекеттікаудит объектісі, ол мемлекеттік аудит объектісінетапсырылған (алынған) күннен
кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде орындауқажет.
Камералдық бақылау нәтижелері бойыншаанықталған бұзушылықтарды мемлекеттік аудит объектісіне хабарлама тапсырылған күннен кейінгікүннен бастап он жұмыс күні ішінде дербес жойғанкезінде, лауазымды тұлға әкімшілік жауаптылыққатартылуға жатпайды.
Егерде камералдық бақылау нәтижелері бойыншаанықталған бұзушылықтарды жою туралы жіберілгенхабарлама жоғарыда белгіленген мерзімдеорындалмаған немесе тиісті деңгейде орындалмағанжағдайда, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» № 235 Кодексінің 462 бабының 3 бөлігі негізіндеДепартамент, әкімшілік құқық бұзушылық туралыхаттамасын толтыруға мәжбүр етіледі.
Аталған бап бойынша істерді әкiмшiлiк құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылғанаудандық және оларға теңестiрiлген соттар қарайды.
2023 жылдың 3 айында хабарламаныорындамаған немесе тиісті деңгейде орындамағанүшін 19 лауазымды тұлғаға әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырылып сот қарауынажолданды және мекемелердің банк шоттарыныңшығыс операциялары тоқтатылған.Оның ішінде, бүгінгі таңға мерзімдеріне қарай 12 лауазымдытұлғаға әкімшілік айып пұл салынды, қалғаны сот қарауында.
Сонымен қатар, одан бөлек мемлекеттік сатып алусаласы бойынша заң бұзушылықтың жүйелі түрдеқайталануына байланысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы хатамалар толтыру орын алуда.
Бұл ретте, 2022 жылы заң бұзушылыққа жолберген лауазымды тұлғаларына қатысты 562 әкімшілік хаттама толтырылып, 112,6 миллион теңгеайыппұл салынды, оның ішінде:
1) мемлекеттік сатып алу веб-порталынамемлекеттік сатып алу жылдық жоспарын уақытылыорналастырмау;
2) әлеуетті өнім берушілерді немесе өнімберушілерді мемлекеттік сатып алуға жосықсызқатысушылар деп тану туралы талап қойып сотқажүгінбеуі немесе уақтылы жүгінбеу;
3) бәсекелестік ортаны сақтамай бір көзденкелісім-шарт жасау;
4) конкурсқа (аукционға) қатысуға алдын ала жіберу хаттамасында, қорытынды туралы хаттамадаәлеуетті өнім берушінің конкурсқа (аукционға) қатысуға арналған өтінімін қабылдамау себептерініңегжей-тегжейлі сипатталымын
көрсетпеу;
5) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетінқызметтерді мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырукезінде олардың біртекті түрлері және оларды беру (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөлмеу;
6) әлеуеттi өнiм берушiлерге ҚазақстанРеспубликасының мемлекеттiк сатып алу туралызаңнамасында көзделмеген бiлiктiлiк талаптарынбелгiлеу;
Заң бұзушылыққа жол беру өз кезегінде бюджет қаражатының уақытылы әрі тиімді игерілмеуіменқатар, бюджет қаражатының үнемделуіне, мемлекеттік бағдарламалардың, орталық аппарат пен өңір басшысының тапсырмаларының уақытылыорындалуына кері әсерін тигізеді.
Жамбыл облысы бойынша
Ішкі мемлекеттік аудит
Департаментінің басшысы
М.Т.Егембердиев