Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Ауылдарда базалық стансалар көбейеді

Ауылдарда базалық стансалар көбейеді
ашық дереккөз
Ауылдарда базалық стансалар көбейеді
Өңірде өтіп жатқан халықаралық экономика және бизнес форумына қатысуға келген еліміздің Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Байзақ ауданы Үлгілі ауылдық округінің Үлгілі ауылына және Дихан ауылдық округінің Аймантөбе ауылына барды. Аталған ауылдарда интернет сапасы төмен. Ауыл тұрғындары ұялы телефон арқылы жылдамдығы баяу интернетті пайдалануға мәжбүр. Ауылдық округ әкімдігінің аппараты, орта мектеп, дәрігерлік амбулатория, кітапхана және ветеринариялық пункт секілді қос ауылға қатысты 26 абонент ақылы интернет жүйесін пайдаланып отыр. Осы түйткілді шешу мақсатында аталған елді мекендерді аралаған министр бірқатар кәсіпкермен және ұялы байланыс операторларымен келіссөздер жүргізді. Онда ауыл тұрғындарына мәселе тудырған маңызды шаруаны маусым айына дейін шешуді қолға алатыны айтылды. – Біздің мақсатымыз – осы өңірдегі ауылдарды аралау арқылы елді мекендерге қызмет көрсететін ұялы байланыс операторлары жұмысының сапасын зерделеу. Қандай базалық стансалар салып жатқанын өз көзімізбен көру. Тиісті тарапқа интернет сапасын жақсарту бойынша қосымша тапсырмалар берілді. Бүгін олармен кездесу барысында жоспарларын тыңдадық. Басты мақсат – тезірек базалық стансаларды салып, жергілікті халықты сапалы интернетпен қамтамасыз ету. Операторларға біраз ескертулер жасалды. Жалпы бүгінгі форумда облыс әкімдігі және байланыс операторларымен бірлесе жол картасы бекітілді, – деді Бағдат Батырбекұлы. Сонымен қатар кездесуде жол картасындағы басты бағыт – өңірдегі барлық ауылдарды жылдамдығы жоғары интернет желісімен қамтамасыз ету тілге тиек етілді. 300-ге жуық елді мекендердегі осындай мәселелердің түйінін тездетіп шешу керектігі баса айтылды. – Бұл жол картасының жоспары 2027 жылға дейін бекітілген. Операторлар өздерінің міндеттерін орындай алмаса лицензияларын кері қайтарып, айыппұл салынады. Негізі мәселе қаржыға байланысты. Интернет сапасын жақсарту үшін базалық стансалардың санын көбейту керек. Жергілікті әкімдікпен бірлесіп жер телімдерін беру керек. Және жеке кәсіпкерлер арқылы инвестиция тарту қажет, – деді министр.

Нұржан ӘЛІШ

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар