Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

«JIBEK JOLY FEST-2023»студенттер арасындағы халықаралық чемпионатының ашылу салтанаты өтті

«JIBEK JOLY FEST-2023»студенттер арасындағы халықаралық чемпионатының ашылу салтанаты өтті
ашық дереккөз
«JIBEK JOLY FEST-2023»студенттер арасындағы халықаралық чемпионатының ашылу салтанаты өтті
JIBEK JOLY FEST-2023» халықаралық кәсіби шеберлік конкурсының ашылу салтанаты «Бақытты болашақ» оқушылар сарайында өтті. Ашылу салтанатында тәжірибе алмасу, халықаралық әріптестік жасау мақсатында екі жақты меморандум жасалды.
JIBEK JOLY FEST-2023» халықаралық кәсіби шеберлік конкурсы Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының Тараз сервис және технология колледжі базасында колледж студенттері арасында "Аспаздық іс" құзыреті бойынша өтеді.
Мақсаты - аспаз мамандығының беделін арттыру және шеберлік дағдыларын дамыту.
Байқау студенттері шеберлік, жан-жақтылық, әділдік, инновация, адалдық, және серіктестік пен ашықтық секілді құндылықтарды көрсете білуі тиіс.
Бұл байқау дайындалған және талантты жастар үшін қол жеткізілген шеберлік деңгейлерін көрсету алаңы және мүмкіндігі.
Тараз сервис және технология колледжінің базасында жалпы 8 қатысушы өз шеберлігін көрсету арқылы сынға түседі.
Қырғыз Республикасынан 5 қатысушы, Өзбекстаннан 1 катысушы, ал Ақтау мен Алматы облыстарынан бір қатысушыдан 3 кезеңде ерекше рецепттерімен ас дайындайды.
Осы ретте «JIBEK JOLY FEST-2023» халықаралық кәсіби шеберлік конкурсында көне тағамдарымыз қайта жаңғырмақ!
Наурыз көже, ши қуырдақ, той бауырсақ секілді уақыт өтсе де ескірмеген асымызды жас аспаздар дайындайды.
Конкурстың жабылу салтанаты, жеңімпаздарды марапаттау, сертификаттарды табыс ету сәуірдің 28 күні өтеді.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар