Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Жаңа оқу жылында талапкерлерді ЖОО-ларға қабылдау квотасы бекітіледі

Жаңа оқу жылында талапкерлерді ЖОО-ларға қабылдау квотасы бекітіледі
ашық дереккөз
Жаңа оқу жылында талапкерлерді ЖОО-ларға қабылдау квотасы бекітіледі
аңа оқу жылына арналған талапкерлерді жоғары оқу орындарына қабылдау квотасының мөлшері бекітілуі мүмкін. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрінің бұйырық-жобасы «Ашық» НҚА порталында жарияланды, деп хабарлайды Arainfo тілшісі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап. «Бекітілген мемлекеттік білім беру тапсырысынан жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасының мөлшері бекітілсін», - делінген бұйрық-жобасында. Құжатқа сай, жаңа оқу жылынан бастап білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасы мына мөлшерде бекітілді: 1. бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар, бала кезінен мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар балалар арасынан шыққан азаматтар үшін – 1%; 2. басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер үшін – 0,5%; 3. ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын білім беру бағдарламалары бойынша оқуға ауыл жастары арасынан шыққан азаматтар үшін – 35%; 4. ҚР азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар үшін – 4%; 5. жетім балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы ҚР азаматтары үшін – 1%; 6. ҚР Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныс аударған ауыл жастары арасынан шыққан ҚР азаматтары үшін – 5%; 7. кәмелетке толмаған төрт және одан көп бала тәрбиелеп отырған отбасылардағы балалар үшін – 5%; 8. кемінде үш жыл толық емес отбасы мәртебесі бар отбасылардағы балалар үшін – 1%; 9. бала кезінен мүгедектігі бар балаларды, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды тәрбиелеп отырған отбасылардағы балалар үшін – 1%. Министр бұйрығы 15 мамырға дейін көпшілік талқылауда болады.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар