Түзеу мекемесінде сенбілік ұйымдастырылды
Тазалық таза жерде емес, тазалық сақталған жерде болады деп жатамыз. Әрине, әрбір адам үшін тазалық алғашқы орында болуы тиіс. Ал, білдей бір мекеменің аумағы мұнтаздай таза болса, ол ондағы ұжым мүшелерінің ұйымшылдығының бір белгісі осы болар.
Жалпы, өңірдегі түзеу мекемелерінде де тазалық жұмыстарына айрықша көңіл бөлінеді. Бұл жұмыстарға Қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлерімен қатар жазасын өтеушілерде өз үлестерін қосады. Мәселен, №26 түзеу мекемесіндегі сотталған азаматтар осы аптаның сенбі күні мекеме аумағын тазалауға жұмылдырылды.
Ережеге сай бекітілген шара барысында сотты болғандар мекеме аумағын күл-қоқыстан арылтуға күш салды. Сондай-ақ, бұл күні айналаға ерекше сән беретін раушан гүлдері отырғызылды.
Келесі мақала