Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Жақсылық жасап жарысайық

Жақсылық жасап жарысайық
ашық дереккөз
Жақсылық жасап жарысайық
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың инклюзивті білім беру мәселесін көтеру бағытындағы тапсырмаларын орындау баршамызға ортақ міндет. Қазақстанда ерекше білім беруді қажет ететін балалар көбейіп барады. Балалар тиісті оңалту ем-домын қабылдау үшін жарты жыл уақыт күтеді. Сәйкесінше уақыт жоғалтады. Кезегі келген кезде толық оңалтудан өтуге мәжбүр. Балалар сапалы қызмет алу керек. Мемлекет басшысы өз сөзінде осылай деген болатын. Мемлекет тарапынан арнайы психолог мамандарының даярлануына назар аударылуы керек. Қаламыздағы №25 орта мектепте ерекше білім алуды қажет ететін 26 оқушы бар. Дүниежүзілік аутизм мәселесі туралы ақпарат тарату күніне орай мектебімізде «Бақытты балалық шақ» атты іс-шара өткізілді. Оған атсалысушы бастауыш сынып мұғалімдері оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес танымдық ойындар мен өнерлерін ортаға салып, оқушылардың қоғамға бейімделу әрекеттерін айқындап көрсетті. Демек, оқушылардың кіршіксіз көңіл күйлеріне қуаныш сыйлаған шараның жалғасы концерттік бағдарламамен ұласты. Іс-шара барысында бастауыш сынып ұстаздары оқушылар мен олардың ата-аналарына өздерінің шынайы лебіздерін білдіріп, сыйлықтар табыстап, көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Ерекше білім беруді қажет ететін балалардың қоғамға бейімделе түсуі үшін осындай іс-шаралардың жүргізіле түсуі үрдіске айналуы тиіс. Ол біздің, яғни ұстаздардың қоғам алдындағы ортақ парызымыз! Ботакоз САРСЕМБЕТОВА, №25 орта мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары  
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар