Жамбыл жаңалықтары
Нұржан Нұржігітов фототілшінің үйін заңдастырып берді
- author AR-AY
- 23 наурыз, 2023
- 327
Нұржан Нұржігітов фототілшінің үйін заңдастырып берді
Нұржан Нұржігітов фототілшінің үйін заңдастырып берді, деп хабарлайды Arainfo тілшісі.
Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов "AR-AI" жастар газетінде көп жылдан бері қызмет атқарып келе жатқан фототілші, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Алтынбек Қартабайдың мәселесіне мән беріп, пәтерінің құжаттарын заңдастырып берді. Бұл туралы фототілші өзінің Facebook-тегі парақшасында қуана жеткізді. Онда былай деп жазылған:
СҮЙІНШІ!
Құрметті достар!
Бүгінгі әз-Наурыз мерекесінде өздеріңізбен бөлісетін қуанышты жаңалығым бар. Бес жылдан аса уақытқа созылған пәтер мәселесіне нүкте қойылып, төбем көкке жеткендей күйде отырмын. Естеріңізде болса, 2017 жылы, Жаңа жыл мерекесі қарсаңында маған 3 бөлмелі пәтердің кілті салтанатты жағдайда тапсырылған еді. Баспаналы болғаныммен басшылар ауысып кетіп, пәтер толық заңдастырылмай қалды. Осы күнге дейін пәтер тұрғынүйді салған құрылыс компаниясының меншігінде тұрды. «Күндердің күнінде пәтерді босат десе, қайтемін?» деген уайыммен талай таңды атырып, талай кешті батырдым. Осы мәселемен қаншама кісілерден көмек сұрадым. Қақпаған есігім қалмады. «Бітер істің басына, жақсы келер қасына» дегендей, Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің тікелей тапсырмасымен бұл мәселе оң шешілді. Тиісті құжатты қолымызға алып, осы жағымды жаңалықты өздеріңізге жеткізуге асықтым. Аймақтың ақпарат саласындағы азды-көпті еңбегімізді бағалап, азаматтық танытқан Нұржан Молдиярұлына айтар алғысым шексіз. Ұлыс оң болсын, ағайын!