Жаңалықтар
Тоқаев Қазақстанның шет елдердегі бірқатар елшісін қызметінен босатты
- author AR-AY
- 24 наурыз, 2023
- 170
Тоқаев Қазақстанның шет елдердегі бірқатар елшісін қызметінен босатты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның шет елдердегі бірқатар елшісін қызметінен босатты, деп хабарлады Ақорда.
Мемлекет басшысының жарлығымен Ерлік Әли Қазақстанның Румыниядағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды. Ол Қазақстаннан Шанхай ынтымақтастығы ұйымы қызметінің мәселелері жөніндегі Ұлттық үйлестіруші лауазымынан босатылды.
Аустриядағы елші, Қазақстанның Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілі Әлібек Бақаев Словениядағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқаратын болды.
Сондай-ақ Нұрбах Рүстемов Қазақстанның Румыниядағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымын енді атқармайды.
Алтай Әбибуллаев Хорватиядағы елші, Босния және Герцеговинадағы, Черногориядағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды.
Келесі мақала