Қазақстанның оңтүстігінде тағы да жер сілкінді
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі "СОМЭ" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 23 наурыз күні сағат 02:07-де жер сілкінісі тіркелгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Arainfo.kz тілшісі.
Ведомство таратқан дерекке қарағанда, жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 740 шақырым қашықтықта, Тәжікстан аумағында орналасқан.
"Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 14.1. MPV магнитудасы - 6,5. Эпицентр координаттары - 39,27° солтүстікке қарай - 69,80° ш.б. Тереңдігі - 25 км", - деп жазды "СОМЭ" ЖШС.МСК-64 шкаласы бойынша зілзала Шымкент, Тараз қалалары мен Түркістан облысында 2-3 балдық деңгейде сезілді.
Келесі мақала