Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Президент сайлауына кандидаттарды ұсыну басталды

Президент сайлауына кандидаттарды ұсыну басталды
ашық дереккөз
Президент сайлауына кандидаттарды ұсыну басталды
ҚР Президенті сайлауына кандидаттардан өтініш қабылдау басталды, деп хабарлайды Arainfo тілшісі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап. «Сағат 10:35-тегі жағдай бойынша Орталық сайлау комиссиясына кандидатты ұсыну өтініші келіп түскен жоқ», - деді Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман. Айта кетсек, бүгін Президент сайлауына кандидаттарды ұсыну басталды. Аталған процесс 11 қазан күні сағат 18:00-де аяқталады . Президенттікке кандидаттарға қойылатын талаптар: ҚР азаматы болуы; ҚР аумағында соңғы 15 жыл бойы тұруы; Жоғары білімінің болуы; Жасы 40-қа толған болуы; Белсенді сайлау құқығының болуы; Мемлекеттік қызметте немесе сайланбалы лауазымда кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы; Мемлекеттік тілді еркін меңгеруі. Бұған дейін Президенттікке кандидаттар төлейтін 3 млн теңге жарна иесіне қандай жағдайда қайтарылатыны туралы хабарлаған едік.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар