Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

КӨҢІЛДЕРДІ ДЕМДЕГЕН «КҮМІС ЖАС»

КӨҢІЛДЕРДІ ДЕМДЕГЕН «КҮМІС ЖАС»
ашық дереккөз
КӨҢІЛДЕРДІ ДЕМДЕГЕН «КҮМІС ЖАС»
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі зейнеткерлік жас алдындағы жұмыссыз адамдарды жұмыспен қамту мақсатында «Күміс жас» арнайы жобасын іске қосты. Бастаманы іске асыру 2022-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде жүргізілуде. Жобаға зейнеталды жастағы жұмыссыз адамдар қатысады. Қатысу мерзімі 12 айдан аспайды. «Күміс жас» жобасы шеңберінде жұмысқа орналасқан адамдар үшін субсидияның ай сайынғы мөлшері экологиялық үстемеақылар бойынша төлемдерді есепке алмағанда, салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды және пайдаланылмаған еңбек демалысына өтемақыны ескергенде жалақы мөлшерінің 50 пайызын құрайды. Бірақ 30 (отыз) АЕК-тен аспайды. Облыс бойынша жоба аясында орташа төлемақының көлемі 140-180 мың теңгені құрайды. Оның 50 пайызы жұмыс беруші есебінен, қалған 50 пайызы республикалық бюджеттен төленеді. 2022 жылы «Күміс жас» жобасына республикалық бюджеттен 97,4 миллион теңге қарастырылып, толығымен игерілді. Жоба аясында 249 адам жолдауға жоспарланып, жылдың қорытындысымен 281 адам жолданды. Аталған жоба аясында жұмыссыздар малшаруашылығы, күзетші, тігінші және тағы да басқа мамандықтар бойынша ұйымдастырылған. 2023 жылы «Күміс жас» жобасы бойынша облыста 747 адам жолдануға жоспарланып, 479,4 миллион теңге қарастырылды.

Әлия САПАШЕВА, облыс әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар