«ABAY MALL» емес, «ABAY BIG» деп атасақ...
Тараз қаласы. Абай даңғылы. Ақылман Абайдың атын алған күрежол – облыс орталығындағы ең ұзын даңғылдың бірі. Әттеген-айы сол, данышпан Абайға даңғылдың атын берсек те, «қайыр қылсаң, бүтін қылдың» керін көрсете алмай отырмыз. Неге дейсіз ғой? Бәрін басынан баяндайын.









