Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Бақытжан Орынбеков балақайдың өтінішіне құлақ асты

Бақытжан Орынбеков балақайдың өтінішіне құлақ асты
Автор
Тараз қаласында тұратын Самвел есімді 12 жастағы мектеп оқушысы қала әкімі Бақытжан Орынбековке әлеуметтік желі арқылы хат жолдап, шаһарда скейт парк салу жөнінде ұсыныс жасаған екен. Бала да болса үлкен бастамаға қозғау салып отырған мектеп оқушысының уәжін ескерусіз қалдыруды жөн көрмеген Бақытжан Әмірбекұлы «Facebook» әлеуметтік желісіндегі парақшасында оған дер кезінде жауап қайтарды.

Бақытжан Әмірбекұлы жазбасында: «Құрметті Самвел! Сенің әлеуметтік желі арқылы маған жазған хатыңды оқыдым. Шынымды айтсам, сенің мектеп оқушысы бола тұра, қаламыздың өміріне бейжай қарамай, белсенді араласқаныңа қуанып қалдым!

Әрине, біз үшін өзіңдей талапты жастардың пікірі өте маңызды. Өйткені болашақта осы әсем қаламыздың дамуына, көркеюіне үлес қосып, еңбек ететін өздеріңсіңдер.

Бүгінде қала жастары және өзіңнің қатарластарың спортпен шұғылданып, серуен құруы үшін ауқымды екі жобаны қолға алып отырмыз.

Оның бірі – әуежайдан Айша бибі көшесіне дейінгі Тәуке хан көшесі бойындағы желілік саябақ. Соның ішінде «Скейт аймағы» және арнайы веложолдар болады. Құрылысын 2026 жылы бастап, 2027 жылы аяқтауды жоспарлап отырмыз.

Ал екінші жобамыз – «Гидрокешен» аумағындағы үлкен «Таза тыныс» саябағын салу. Скверде балалардың спортпен шұғылдануына ашық аспан астындағы арнайы жаттығу алаңы мен демалыс орны қарастырылған. Бұл саябақтың құрылыс жұмыстарын биыл бастап кеттік.

Құрметті жас дос, Самвел! Саған оқуда озат болуды, спортта үлкен жетістіктерге жетуді тілеймін! Алдағы бәсекелерде Тараз қаласының атынан қатысып, тек жеңіспен оралуыңа тілектеспін! Егер уақытың болса, сенің идеяларыңды тыңдап, болашақта мамандық таңдауыңа, бос уақытты тиімді өткізуге қатысты өзімнің де кеңестерімді бөлісу үшін кездесуге шақырамын...», – деп жазылған.

 

«AR-AI»-ақпарат

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар