Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Таразда түзеу мекемелерінің аумағына трамадолды лақтыратындардың қатары сиремей тұр

Таразда түзеу мекемелерінің аумағына трамадолды лақтыратындардың қатары сиремей тұр
ашық дереккөз
Таразда түзеу мекемелерінің аумағына трамадолды лақтыратындардың қатары сиремей тұр
Таразда түзеу мекемелерінің аумағына трамадолды лақтыратындардың қатары сиремей тұр. Мәселен, өткен жылы №58 жабық мекемесінің аумағына дәл осы опойдты дәріні лақтыру дерегі орын алған. Нәтижесінде 2 792 дана трамадол тәркіленген. Ал биыл мекеменің бақылау-өткізу бекетіндегі тексеріс кезінде жазасын өтеуші сотталғанға арналған сәлемдеме ретіндегі «майонездің» ішіне жасырылған 1 087 дана трамадол препараты табылды. Бүгінде заңға қайшы әрекет жасаған азамат ҚР ӘҚБтК-нің 481 бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жалпы, дәл осындай заңсыз әрекеттерге байланысты №58 мекемесінің режим бөлімінің қызметкерлері ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетіне бірнеше рет хат жолдаған. Онда трамадолды заңсыз сатқан дәріханаларға тек айыппұл салынатыны, сондықтан бұл мәселеде жазаны қатаңдату жөнінде жазылды. Айта кетейік, қазіргі таңда облыс орталығындағы дәріханаларда трамадолды сату қатаң бақылауға алынып, оны түзеу мекемелерінің аумағына жеткізу саябырсыды.

Айгүл АБДЫБАЕВА, №58 мекемесі режим бөлімінің аға жедел уәкілі әділет майоры

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар