Қазақстанда мектеп директорларының жалақысы өседі
Елімізде мектеп директорларының еңбекақысы көтеріледі. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтты, деп хабарлады Arainfo тілшісі Halyq Uni-не сілтеме жасап.
Оның айтуынша, биыл мұғалімдердің айлығын өсіру толық аяқталады. Содан кейін мектеп директорларының жалақысы артады.
2019 жылы президенттің берген тапсырмасы бойынша, 2020 жылдан бастап мұғалімдердің айлығы жыл сайын 25%-ға көтерілді. Биыл тағы 25% артып, айлықты 2 есе көтеру толық аяқталды. Келесі бағытта мектеп басшыларының айлығын көтеруге мән беруіміз керек. Бұл бағытта да Оқу-ағарту министрілігі біршама жұмыс атқарып жатыр.Мәселені пысықтап жатырмыз. Бұл – оңай шаруа емес. Бүкіл плюсі мен минусын есептеу керек. Міндетті түрде мектеп басшыларының айлығын көтеру керек. Біз оны қолдаймыз», - деді Ғани Бейсембаев Сенаттың жалпы отырысынан соң.
Келесі мақала