Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

"AMANAT" ПАРТИЯСЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ ЖАҢА БАҒЫТТА ЖАНДАНЫП КЕЛЕДІ

"AMANAT" ПАРТИЯСЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ ЖАҢА БАҒЫТТА ЖАНДАНЫП КЕЛЕДІ
ашық дереккөз
"AMANAT" ПАРТИЯСЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ ЖАҢА БАҒЫТТА ЖАНДАНЫП КЕЛЕДІ
«Amanat» партиясы облыстық филиалының атқарушы хатшысы Дауыл Бейсенқұлов партияның сайлауалды бағдарламасының орындалу барысы жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында сұхбат берді. Өткен 2021 жылы өңірлік және аумақтық Жол карталарында жоспарланған 914 іс-шараның 888-і, яғни 97 пайызы орындалыпты. Дауыл Ынтықбайұлының айтуынша, Жамбыл өңірі республика деңгейінде алғашқы орындардан көрініпті.  Атап өтерлігі екі жүзге жуық жаңа жұмыс орны ашылған 8 кәсіпорын іске қосылған. Олардың қатарында консерві шығару, көкөніс сақтау, сүт өңдеу, темірбетон өнімдерін шығару зауыттары бар. – Денсаулық сақтау саласында Тараз қаласында 200 орынға арналған облыстық онкология және хирургия көпбейінді орталығы, 150 орынға арналған «Асар» реабилитациялық-сауықтыру кешені, Тараз өңірлік студенттері үшін 516 орынға арналған жатақхана құрылысы жүрді. Сонымен қатар 2 600 орынға арналған 6 мектеп, 1 балабақша, 1 400 орынға 4 спорт нысаны, 600 орынға арналған көркем гимнастика мен үстел теннисі спорт орталығы пайдалануға берілді. Сайлау алдында берілген ауқымды уәделерді ескере отырып, облыста, қала мен аудандарда олардың орындалуына жүйелі бақылау жолға қойылды. Бұл үшін барлық деңгейлерде белсенді азаматтарды тарта отырып, былтырғы жылы партия жанынан құрылған 108 аумақтық қоғамдық кеңестің (12 облыстық, 96 қалалық және аудандық) 482 отырысында 594 мәселе қаралды. Бұған дейін облыстық деңгейде – 12, Тараз қаласы мен аудандарда 9 кеңестен жұмыс атқарып келді. Кеңестердің көптігі күн тәртібіндегі мәселелерге терең талдауға, берілген ұсынымдардың сапалы орындалуын бақылауға кері әсерін тигізді. Осыны ескере отырып кеңестердің саны аймақтық деңгейде 12-ден 8-ге, аумақтық деңгейде 9-дан 5-ке дейін қысқарды. Партия Төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың партияның кезектен тыс ХХІІ Съезіндегі партия жұмысын жаңғырту жөніндегі тапсырмалары жоспарлы іске асуда. Сайлауалды уәделердің орындалуына қоғамдық бақылау күшеюде. Өңірлік Жол карталарындағы барлық көрсеткіштерге жауапты депутаттар айқындалды. Одан бөлек, Жол картасының бөлімдері Бюроға, ал, индикаторлары Саяси кеңестің мүшелеріне бекітілді. Сонымен бірге барлық деңгейдегі депутаттарға округтер (Тараз қаласындағы 11 аумақ, аудандарда 153 ауылдық округ, 3 аудандық маңызды қала) бекітіліп берілді. Яғни депутаттар өздеріне бекітілген округ халқымен тығыз байланыста жұмыс істеп, аумақтағы проблемалық мәселелердің оң шешілуіне атсалысулары керек. Қоғамдық қабылдау бөлмелерінің жұмысы проактивті форматқа ауысты. Наурыз айынан бастап облыстық филиалдың ұйымдастыруымен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары, Саяси кеңес мүшелері, жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Қордай және Мойынқұм аудандарының шалғай елді мекендерінде көшпелі мобильді қоғамдық қабылдаулар өтті. Қабылдау барысында 300-ден астам тұрғынның өтініш-тілектері тыңдалып, партиялық бақылауға алынды. Мұндай көшпелі қабылдаулар өңірдің барлық аудандарында өтеді (республикалық мобильді топтың қабылдауы 30 мамырға жоспарланған). Бұл жұмыстар барлық шалғайдағы ауылдарды қамти отырып, жергілікті жерлерде жалғасады, – деген Дауыл Ынтықбайұлы партияның жаңа бағытта жүзеге асырып отырған жұмыстарына кеңінен тоқталды. Партияның Саяси кеңесі Бюросының шешімі бойынша 2021 жылғы қыркүйек айынан бастап барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының рейтингі іске қосылған. «Жаңа Қазақстанды» құру жолында мәслихат депутаттарына артылар жауапкершілік те үлкен. Қазіргі таңда облыс бойынша партиялық кадрлық резервте 200-ге жуық азамат депутаттыққа үміткер. Осы негізде Саяси кеңес Бюросы рейтингі төмен депутаттардың мандаттарын кері қайтару туралы ұсыныс жасайтын болады.

Қамар ҚАРАСАЕВА

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар