Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

100 ШӨПШЕКТІҢ ӘЖЕСІ

100 ШӨПШЕКТІҢ ӘЖЕСІ
ашық дереккөз
100 ШӨПШЕКТІҢ ӘЖЕСІ
Ана – ұлттың ұйытқысы, отбасының берекесі. Халқымызда «Дүниеде үш нәрсе бар: біріншісі – күннің нұры, екіншісі – ақылдың сәулесі, үшіншісі –ананың алақаны» деген аталы сөз бар. Ал, ана – сол құдіретті түйіндердің иесі.  Түн ұйқысын төрт бөліп, бесіктегі құлыншағымен әлемді қоса тербеткен асыл жандар әрқашан аман болсын. Бүгін, яғни Халықаралық әйелдер күні облыс әкімінің орынбасары Ерболат Ибрайханов пен облыс әкімдігі жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мұрат Саурықов 1923 жылы дүниеге келген Бубикүл Рүстембекованың шаңырағына барып, әжені төл мерекесімен құттықтады. Кейуананың 5 баласының қатары бүгінде 27 немереге, 100 шөпшекке жетіп отыр. Әжейдің жолдасы тылда, теміржол саласына ізін қалдырған еңбек ардагері болған. Аяулы әже елеп-ескере келген басшыларға аналық алғысын білдіріп, ақ батасын берді
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар