Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

ЖУРНАЛИСТЕР ҰЙЫМЫНДАҒЫ ЖАҢА ЛЕП

ЖУРНАЛИСТЕР ҰЙЫМЫНДАҒЫ ЖАҢА ЛЕП
ашық дереккөз
ЖУРНАЛИСТЕР ҰЙЫМЫНДАҒЫ ЖАҢА ЛЕП
«Анаға тағзым» орталығында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Қазақстан Журналистер одағы облыстық филиалының төрағасы Жаңабай Миллионов облыстың бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында жұмыс істеп жүрген журналист қыз-келіншектермен кездесті. Мерекеге орай құттықтау сөз алған Жаңабай Миллионұлы осы салада еңбек етіп жүрген нәзікжанды қаламгерлердің шығармашалық табыстарын ерекше атап өтіп, олардың қоғамдағы атқарып жатқан қызметтеріне жоғары баға берді. Арнайы ақ дастархан жайылып, еркін форматта әңгіме өрбіді. Салтанатты жиында «Aulieata-Media» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры Оралхан Дәуіт, «Jambyl» телеарнасының директоры Гүлбаршын Құланбаева, «Aulieata-Media» ЖШС-і бас директорының орынбасары Алпамыс Қазыбаев, «Анаға тағызым» орталығының директоры, танымал медиа-менеджер Эльмира Мырза-Ғали, облыстық «Знамя Труда» газетінің бас редакторы Татьяна Борисенко, жуналист Дариха Үмбетиярова, «Ақ жол» газетінің жауапты хатшысы Маржан Рахай, Шу аудандық «Шу өңірі» газеті бас редакторының орынбасары Динара Батырханова сөз сөйлеп, журналист қыз-келіншектерді алда келе жатқан мерекелерімен құттықтап, істеріне сәттілік тіледі. Облыстық «Aq Jol» газетінің бас редакторы Хамит Есаман және облыстық «AR-AI» газетінің бас редакторы, филиал басшысының орынбасары Тұрсынбек Сұлтанбеков кеш қонақтарына жылы лебіздерін білдіріп, мерекелік реңктегі жырларын арнады. Салтанатты іс-шара барасында облысымыздан алты журналист қыз-келіншек одақтың мүшелігіне өтті. Ж.Миллионов одақ қатарына қабылданған облыстық «Знамя труда» газетінің тілшісі Лариса Губашеваға, облыстық «Jambyl» телеарнасының редакторы Ардақ Сапибуллаға, Т.Рысқұлов ауданы әкімінің баспасөз хатшысы Мөлдір Тастанбекке, Шу аудандық «Шу өңірі» газеті бас редакторының орынбасары Динара Батырхановаға, «08.info» ақпарат агентігінің бас редакторы Дариха Үмбетияроваға Қазақстан Журналистер одағы мүшелігінің куәлігін, төсбелісін, естелік сыйлық табыс етті. Сондай-ақ жиынға шақырылған журналист қыз-келіншектердің баршасы мерекелік сый-сияпатқа ие болды.

Ақтоты ЖАҢАБАЙ

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар