Әлеумет
Тараздық кәсіпкерге бір жыл бойы газға қосудан негізсіз бас тартылған
- author AR-AY
- 6 наурыз, 2023
- 262
Тараздық кәсіпкерге бір жыл бойы газға қосудан негізсіз бас тартылған
Тараздық кәсіпкерге бір жыл бойы газға қосудан негізсіз бас тартылған, деп хабарлайды Arainfo тілшісі.
Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке өткен жылдан бері әкімшілік кедергілерге байланысты сауда үйін газ желісіне қоса алмай жүрген Тараз қаласының жеке кәсіпкері уәжін білдірді.
Кәсіпкер келісім-шарт жасау мәселелері бойынша «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-на бірнеше рет жүгінген, алайда аталған АҚ қызметкерлері ұсынылған тізімде жоқ құжатты беруді талап етіп, шешімді кешіктірген.
Аталған мәселенің себеп-салдарын анықтау мақсатында Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі мүдделі тұлғалармен кездесу ұйымдастырып, материалдарды зерделеді.
Нәтижесінде уәкілетті тұлғалар кәсіпкерге техникалық шарттарды ұсынып, газ желісіне қосылуға рұқсат берді.