Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Өтегендіктердің қос қуанышы

Өтегендіктердің қос қуанышы
ашық дереккөз
Өтегендіктердің қос қуанышы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ауылдық елді мекендерде өмір сүру сапасын арттыру мен оларды дамыту туралы тапсырмасына сәйкес Қордай ауданында да ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға бағытталған кешенді жұмыстар атқарылуда.  Ауылдар газдандырылып, спорт, мәдениет нысандары салынып, ауылішілік жолдарға асфальт төсеу жұмыстары қолға алынған. Бұрын балаларға арналған ойын алаңшаларын, стрит-воркаут алаңшаларын, шағын футболға арналған алаңшаларды қаладан ғана көретін болсақ, қазір аталмыш нысандар ауылдық жерлерде де пайда болып, жергілікті тұрғындарға қуаныш сыйлауда. Қарасу ауылдық округіне қарасты Өтеген ауылында Тілеміс көшесінің 1,8 шақырымына асфальт төселген болатын. Жергілікті халық енді тақтайдай тегіс жолмен жүретіндеріне дән риза. Сонымен қатар Өтеген ауылында жаңа әлеуметтік нысан пайда болғанын да айта кеткен жөн. Мұнда жуырда жасанды төсемі бар шағын футболға арналған алаңша пайдалануға берілді. Жаңа алаң жастардың бос уақытын өткізетін сүйікті орнына айналып үлгерген.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар