Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Отан қорғау – ортақ парыз

Отан қорғау – ортақ парыз
ашық дереккөз
Отан қорғау – ортақ парыз
Облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментте былтырға күзгі мерзімді әскери қызметке шақыру жұмысы қорытындыланып, осы жылғы көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыруға қатысты міндеттер пысықталды. Сонымен қатар жастардың Отанды қорғауға деген әскери-патриоттық сезімін ояту, жастарды отансүйгіштік рухта тәрбиелеу, рухани-ізгілік және патриоттық құндылықтарға баулу мақсатында «Ашық есік күні» іс-шарасы ұймдастырылды. Облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменттің басшысы, полковник Нұрбол Зейнелов ашып-жүргізген әдістемелік сабаққа Тараз қаласының және аудан әкімдерінің орынбасарлары, медициналық комиссия төрағаларының, облыстық қоғаныс істері жөніндегі басқарма мен аудандағы бөлімдердің басшылары және әр саладағы белсенді жастар мен студенттер қатысты. Басқосуда Н.Зейнелов өткен жылы күзде азаматтарды өңірден әскер қатарына жіберу жоспары 111 адамға артығымен орындалып, осының есебінен өзге өңірлердің де жоспары арындалып, облысымыз республика бойынша алдыңғы орынға шықанын тілге тиек етті. Бұдан кейін, аталған салада өз міндетін мінсіз атқарып жүрген бірқатар офицерлер марапатталды. Облыс әкімінің бірінші орынбасары, облыстық әскерге шақыру комиссиясының төрағасы Нұржан Календеров былтыр азаматтарды әскерге шақыру жұмысы ойдағытай атқарылғанымен, бірқатар кемшілікке де жол берілгенін атап өтті. – Өткен жылы қыркүйек-желтоқсан айы аралығында облыс аудандары мен Тараз қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқарма және бөлімдері арқылы кезекті күзгі мерзімді әскери қызметке шақыру жұмысы ойдағыдай ұйымдастырылған болатын. Өңірден ҚР Қарулы Күштеріне және басқа да әскери құрылымдарға шақыру және жасақтау жоспарына сәйкес 1436 адам әскер қатарына алынып, қазіргі таңда олар Отан алдындағы азаматтық борышын абыроймен өтеп жүр. Бұл былтыр күзгі мерзімді әскери қызметке шақыру жұмысының дұрыс ұйымдастырылып, берілген тапсырмалардың дер кезінде орындалуының жемісі. Былтырғы күздегі әскерге шақыру науқаны өз деңгейінде аяқталды, оған әрқайсыңыз өз үлестеріңізді қостыңыздар. Бұл жұмыстар Байзақ, Сарысу, Жуалы, Талас, Меркі, Т.Рысқұлов, Шу аудандарының қорғаныс істері жөніндегі бөлімдерінде жоғаоры деңгейде ұйымдастырылды. Ал Тараз қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасында және Жамбыл, Қордай ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімдерде шақырту жұмысы толығымен орындалғанымен, аталған жұмыс деңгейін біршама көтеру қажет етіліп отыр. Әсіресе Мойынқұм ауданында бұл жұмыс көңіл көншітпейді. Сондықтан нақ осы ауданда жұмысты барынша жандандыруымыз қажет. Биылғы көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру жұмысы 1 наурыздан басталды. Сондықтан сәуір-маусым айы аралығында өңірдегі 1360 адамды әскерге шақыруда тапсырманы мінсіз орындауға тиіспіз. Ендігі басты мақсат – былтыр күзгі әскерге шақыру науқанында орын алған кейбір кемшіліктерге жол бермеу. Алдағы науқандық жұмыс сапалы әрі нәтижелі аяқталатынына сенімім мол, – деді Нұржан Сәбитұлы. Бұдан кейін 2022 жылғы күзгі мерзімді әскери қызметке шақыру жұмысының қорытындысы бойынша аталған департамент басшысының орынбасары – жасақтау басқармасының басшысы, полковник Хасен Қарабаев, ҚР ҰҚҚ шекара қызметінің өкілі, ҚР Ұлттық ұланы әскерлерінің өкілі, Мойынқұм ауданы әкімінің орынбасары Жақсыбек Исақов, аталған департаменттің медициналық қызметінің басшысы Сергей Золотарев, Оңтүстік аймақ әскери пракуратурасының, ҚР Ішкі істер министрлігі Оңтүстік өңірлік әскери тергеу басқармасының Тараз бөлімінің, ҚР Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің облыс бойынша департаментінің, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет), Тараз өңірлік горнизонының, әскери полиция басқармасының, облыстық полиция департаментінің өкілдері баяндама жасады.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар