Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

ДӘРІГЕРЛЕР ДЕ СПОРТТАН ОСАЛ ЕМЕС

ДӘРІГЕРЛЕР ДЕ СПОРТТАН ОСАЛ ЕМЕС
ашық дереккөз
ДӘРІГЕРЛЕР ДЕ СПОРТТАН ОСАЛ ЕМЕС
8-11 қыркүйек күндері Тараз қаласында медицина қызметкерлері арасында республикалық спартакиада ұйымдастырылып, еліміздің әр аймағынан келген командалар кіл мықтыдан кім мықтыны анықтады. Шымкент қаласының, Түркістан, Қарағанды, Жетісу және Жамбыл облыстарының құрамалары волейбол, кіші футбол, үстел теннисі, жүзу, бильярдтан сынға түсті. Жарыс қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте 118 ұпаймен түркістандықтар топ жарса, екінші орынға Жамбыл облысының құрамасы (110 ұпай) табан тіреді. Ал Шымкент қаласынан келген медицина қызметкерлері үшінші орынға ие болды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсіміне ҚР Мәдениет және спорт министрлігі спортты дамыту дирекциясының іс-шараларды ұйымдастыру басқармасының басшысы Ғазиз Серікбаев, облыс әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Нұрбол Жүнісбеков және облыс әкімдігі денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Хамит Мұрзақасымов қатысты. Сонымен қатар марапаттау рәсімінде медицина қызметк ерлері арасындағы республикалық спартакиаданы ұйымдастырып, өткізуге қосқан үлесі үшін ҚР Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Самат Ерғалиевтің арнайы Алғыс хатымен Хамит Саттарқұлұлы, Даулет Хамитұлы, Гаухар Жұмабайқызы, Ақерке Садатқызы және Азамат Әбдіжапарұлы марапатталды.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар