Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Тапсырма талабы – нәтиже

Тапсырма талабы – нәтиже
ашық дереккөз
Тапсырма талабы – нәтиже
Өткен жылы 12 мәрте Әдеп жөніндегі кеңес өткізіліп, онда 76 мәселе қаралыпты. Оның 15-і тәртіптік іс болса, 61-і профилактикалық мәселелер. Тәртіптік істерді қарау нәтижелері бойынша 12 жергілікті атқарушы органдардың лауазымды тұлғалары тәртіптік жазаға тартылған. Оның ішінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар жасағаны үшін 8 қызметшіге «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту» және әдеп нормаларын бұзғаны үшін 4 қызметшіге «ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолданылған екен. Сонымен қатар бүгінде бос жұмыс орнына облыс бойынша 2637 адам орналасса, оның 50 пайыздан астамының зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналары аударылмаған. Электронды еңбек биржасында жарияланған бос жұмыс орындарына азаматтарды жұмысқа орналастыру жұмысы да сылбыр жүргізілуде. Бұл туралы облыс әкімдігінде аймақ басшысы Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте айтылды. Бұл жөнінде толығырақ «AR-AI» газетінің 1 наурыздағы санынан оқи аласыздар.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар