Сотталғандар «Дауа» қойылымын тамашалады
Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесіндегі жазасын өтеушілер «Дауа» қойылымын тамашалады. Асқар Тоқпанов атындағы облыстық қазақ драма театрының әртістері сахналаған спектакль тағылымға толы.
Бұл драма қысқа өмірде өз жолын таба алмаған жанның тағдыры шебер суреттеледі. Үнемі өзгелерді кінәлау, өз бойындағы күшіне сенімсіздік білдіру шығармаға арқау болады. Осылайша, өз әлемінде тұтқынға айналған адам жан дауасын іздейді. Жалпы, спектакльдің тұтас идеясы әрбір адамның өз жолын табуға үндейді.
Келесі мақала