Жаңалықтар
Елімізде кезектен тыс Президент сайлауы 20 қарашаға белгіленді
- author AR-AY
- 21 қыркүйек, 2022
- 213
Елімізде кезектен тыс Президент сайлауы 20 қарашаға белгіленді
ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы 20 қарашада тағайындалды, деп хабарлайды Arainfo Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
«Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы
2022 жылғы 21 қыркүйек
Қазақстан Республикасы Конституциясының 41-бабының 3-1-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы 2022 жылдың 20 қарашасына тағайындалсын.
2. Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы кезектен тыс президенттік сайлауды ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі кезектен тыс президенттік сайлауды ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету жөніндегі қажетті шараларды қабылдасын.
4. Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері сайлау құқығы бар азаматтардың тізімін уақытында жасауды және дұрыстығын қамтамасыз етсін, Орталық, аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларына кезектен тыс президенттік сайлауды ұйымдастыру мен өткізу мәселелерін шешуде жан-жақты көмек көрсетсін.
5. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі», - делінген ҚР Президентінің жарлығында.
Келесі мақала
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына үндеу жасады
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Танымал корей жүзімі «Шайн Мускат» қауіпті ме? — Зерттеу нәтижелері
- авторAR-AY
- 21 қараша, 2024