Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Кеншілер шаһарында оқыту орталығы ашылды

Кеншілер шаһарында оқыту орталығы ашылды
ашық дереккөз
Кеншілер шаһарында оқыту орталығы ашылды
Жаңатас қаласында ата-аналар мен оқушылардың сұранысы бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындайтын «СМАРТ» оқыту орталығы ашылды. Бұрынғы колледждің ғимаратында орналасқан орталықтың ашылу салтанатына 100-ден аса оқушылар мен ата-аналар қатысып, білім беру мекемесінің мақсат-міндеттерімен танысты. Жастарды ҰБТ-ға дайындау, оқушыларды мамандықтарын дұрыстап таңдауға бағыт-бағдар беру және білімдерін одан әрі шыңдау мақсатында құрылған орталық өз жұмысын бастап та үлгерді. Енді аудан жастарына Ұлттық бірыңғай тестілеуге қосымша дайындалу үшін үлкен қалаларға бару қажет етілмейді. Заманауи техникамен жабдықталып, білікті кадрлармен қамтамасыз етілген орталық болашақ түлектерді сапалы біліммен қамтамасыз етуге барын салатын болады.

Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар