Алматыда автобус өртеніп кетті
Алматыда автобус өртеніп кетті, деп хабарлайды Arainfo тілшісі.
131-ші автобустың жүргізушісі техникалық ақаулықты байқап, нұсқаулыққа сай әрекет жасаған. Ол автобус ішіндегі жолаушыларды аялдамаға түсіріп үлгерген.
Кейін автобустағы ақауды жою үшін автопаркке бет алған. Жолда қозғалтқыш бөлігінен өрт шықты.
Оқиғадан зардап шеккендер жоқ.
🚌 Отқа оранған автобустың нормативтік пайдалану мерзімі аяқталып қалғаны белгілі болды. Автопарктің техникалық жай-күйін жоспарлы тексеру кезінде «Лиаз» маркалы автобустардың тозуы жоғары екені анықталды.