Жаңалықтар
Әкімдік қызметкерлері кәсіпкерлерге заңсыз кедергі келтірген
- author AR-AY
- 9 ақпан, 2023
- 264
Әкімдік қызметкерлері кәсіпкерлерге заңсыз кедергі келтірген
Жамбыл облысының кәсіпкерлері «Жамбыл облысы тұрғындарының табысын арттыру» жобасы бойынша «Тараз» «ӘКК» АҚ-нан 2,5 пайызбен жеңілдетілген несие ала алмаған.
Кәсіпкерлердің уәждерін қарау барысында ауылдық округ әкімдіктерінің мамандары бір айдан астам уақыт бойы «Тараз» «ӘКК» АҚ-на несие алу үшін жіберілетін тізімдерге оларды енгізбей, әкімшілік кедергілер жасағаны анықталды.
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің бастамасымен мүдделі тұлғалармен кездесу өткізіліп, нәтижесінде «Тараз» «ӘКК» АҚ-на тиісті хат жолданды.
Қазіргі таңда жоғарыда аталған кәсіпкерлердің жеңілдетілген несие алуға өтініштері қанағаттандырылды.