Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Ең жемқор министрліктер

Ең жемқор министрліктер
ашық дереккөз
Ең жемқор министрліктер

Қаңтар-тамыз айларының қорытындысы бойынша  министрліктердің  111 қызметкері сыбайлас жемқорлықпен ұсталған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 20,7%-ға көп, деп хабарлайды Arainfo тілшісі BAQ.kz-ке сілтеме жасап.

Көбінесе қылмысқа Қаржы министрлігінің қызметкерлері барған. Биыл 33 адам ұсталған, былтыр  31 болған, жылдық өсім 6,5%. Ranking.kz-тің мәліметінше, антилидерлер қатарына  Қорғаныс министрлігі (22 адам, 83,3%), Ауыл шаруашылығы министрлігі (16 адам, 23,1%) және Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (сондай-ақ 16 адам, бір жыл бұрынғыға қарағанда бірден 5,3 есе көп) кірді. Сыбайлас жемқорлардың арасында 102 қызметкер ауыр қылмыс жасаған, төрт адам орташа ауырлықтағы қылмыс, тағы төрт адам  ауыр емес қылмыс, бір адам аса ауыр қылмыс жасаған. Құқық бұзушылардың 69,4%-ы пара алу кезінде ұсталған: 77 адам, оған қоса жылына 63,8%. Тағы 14 адам сыбайлас  алаяқтық жасаған, жеті адам лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланған, алты адам пара беру, бес адам сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету бойынша ұсталған. Өңірлер бойынша жемқорлық жасаған министрлік қызметкерлерінің басым бөлігі Алматы қаласында: 23 адам, бұл бір жыл бұрынғымен салыстырғанда 3,3 есе көп. Антилидерлердің екінші және үшінші қатарда Шымкент (12 адам, жылдық өсім төрт есе) және Алматы облысы (10 адам, минус 9,1%). Заңды белшесінен басқандар  Қызылорда және Батыс Қазақстан облыстарында едәуір аз екен. Әр өңірде екі адамнан. Жаңадан құрылған үш облыста, сондай-ақ Қарағанды және Қостанай облыстарында министрлік қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлықпен ұсталғандар әзірге тіркелмеген.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар